Ата-аналарға кеңес ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУДЕ [ Балаңызға өзінің мүмкіндігін оятып, ашылуына жағдай жасауға мүмкіндік беретін қауіпсіз әрі жеке психологиялық база құрыңыз. [ Балаңыздың шығармашылыққа деген ұмтылысы мен қабілетін әрқашан қолдап, демеп тұрыңыз және тәжірибелерінің сәтсіздікке ұшыраған жағдайларында жанашырлық білдіріңіз. Сонымен қатар тәжірибені сынап, жаман баға беруді болдырмаңыз. [ Балаңыздың түрлі түсініксіз ойларына сабырлылықпен қарап, бәрін бірден білгісі келетінін және шексіз сұрақтарын құрметтей біліңіз. Шектен тыс немесе қойылмайтын жабайы сұрақтарына мүмкіндігінше жауап беруге тырысыңыз. [ Егер бала қаласа, оған өзінің ойларымен жалғыз қалуға, істерімен өзі айналысуға мүмкіндік беріңіз. Өз ісінің «бастығы» болу балаңыздың шығармашылығын тех жетілдіруге жол ашады. [ Балаңыздың негізгі адамдық қажеттіліктеріне толық қанағат болуын қадағалап отырыңыз. Яғни, қауіпсіздік сезімі, балаға деген махаббат, қоршаған ортаға және өзіне деген құрмет әрқашан болуы тиіс. [ Балаңызға өзін-өзі жеке әрі дарынды тұлға ретінде құрметтеуді және бағалауды үйретіңіз. Алайда оның мінез-құлқы мәдениеттілік шегінен аспауы тиіс. [ Балаңызға барлық сұрақтарға бір мағынада жауап беру мүмкін еместігін, сұраққа толық жауап беру үшін уақыт, ал баланың жағынан шыдамдылық қажет екендігін түсіндіріңіз. [ Жаңа ашылу мен зерттеуге бел буған балаңызға жылы-жылы қолдау сөздерін таба біліңіз де, сынау сөзден қашық болыңыз. Балаңызбен жылы қарым-қатынаста болыңыз, балаға деген махаббатыңызды аямаңыз, жасырмаңыз. [ Дарындылықты дамыту үшін әр кезде арнайы жағдайлар жасалуы тиіс. Сондықтан балаңызды қоршаған ортаның жағымсыз,сын көзқарастарынан сақтай отырып балаңыз үшін керекті жағдайорнатыңыз. Егер дарындылықтың дамуы барысында теріс әсерлер жағымды әсерлерден басым болса, онда балаңыздың шығармашылық қуаты қажетсіз, тіпті зиянды салаға көшуі мүмкін. [ Өзіңіздің балаңыз үшін міндетті түрде өзіне ұқсайтын, жан дүниесі мен мінезі, кем дегенде, қабілеттері мен ойлары бір жерден шығатын, жолдас, серіктес, жан дос тауып беруге көмектесіңіз. Бұл бала үшін өте маңызды: ұшқыр ойларын, сырлары мен армандарын бір-біріне айту арқылы олар бойларындағы сенімділік пен қажырлылық қасиеттерін нығайтады. | |
| |
Просмотров: 1355 | Комментарии: 3 | |
Всего комментариев: 0 | |