Өткенге көз жіберсек, былтырғы оқужылында болған МАБ-та опық жеп қалған мектебіміз өздігінен аттестатталудың екінші мәрте сынына ұшарағаны белгілі. Биылғы оқу жылында осынау үдеріс тағы да жүзеге асырылды. Соның негізгі кезеңі 3 ақпанда Лебяжі аудандық білім бөлімі тарапынан өткізілді. Қонақжай оқу ордамызға Жақыпбек Ы.А., Еркінов Е.Е., Мүстімов А.Қ., Шаймарданова Б.М., Оспанова Г.Ж., Қалиева Г.Қ., Әбетова Д.Б., Омаров Ж.М. сынды мамандар ат басын тіреді. Комиссия мүшелерінің назарына 8 орыс сыныптағы валеологиядан Мүсілімова Ғ.Н., 7 қазақ сыныптағы Қазақстан тарихынан Байханова Л.А. (интербелсенді тақта арқылы), 9 қазақ сыныптағы географиядан Елеусізова Н.М. (интербелсенді тақта арқылы), 8 сыныптардағы қаржылық сауаттылықтан Узбекова С.Б. және 9 қазақ сыныпта ашық тәрбие сағатынан Абылғазинова Қ.Ғ. ашық сабақтарын ұсынды. Сонымен қатар 3-4 бірнеше сабақтардан бірқатар бақылау жұмыстары алынды. Олардың нәтиежелері үлгерім жағынан 97%, ал сапасы 62% құрады. Мектеп әкімшілігінің, пән мұғалімдерінің нормативтік құжаттамасы кешенді түрде тексерілді. Сонымен бірге оқушылар тарапынан дайындалған шағын концерт те қойылды. Енді комиссияның түпкілікті шешімін дегбірсіздене күтеміз.
|