13:57 Жолдауды қолдау | |
2012 жылғы 27 қаңтарда «Қазақстан» ұлттық арнасынан 11.00-11.45 аралығында тікелей эфирде көрсетілген Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінің ұжымының талқылауы туралы АНЫҚТАМА
Ø Жолдауды мектеп ұжымына кіретін қызметкерлердің 65 адамның 42-сі көріп тыңдады, пайыздық өлшемге салғанда 65%-ды құрады.
Ø Тікелей эфирден соң болған талқылау жиын-отырыста мектеп ұжымының барлығы да Елбасының жаңа Жолдауын бір адамдай қолдады. Атап айтқанда,
· Шакиров Е.А., мектеп директоры: «Менің ойымша, биылғы Жолдауда әңгіме болған жайттардың ішінен мектеп басшысы тұрғысынан педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру және соған байланысты интерграциялық бастамалар білім сапасын әлдеқайда арттыратынына жасалған бірегей қадам дер едім. Сонымен қатар инновациялық-ғылыми қадамдар еліміздің он екі жылдық білім жүйесіне көшуін сөзсіз ілгерілетеді.
· Берден Ш., кәсіподақ ұйымының төрағасы: Жалпы еліміздің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын арттыру жолында ірі жобалардың биылғы жылдан бастап іске қосылуы пәрменді жұмыс нәтижесі деп білемін. Әсіресе, Балқаш өңірінде салынатын қуатты электр станциясы энергоқуат жағынан аз-маз тапшылық сезініп отырған Оңтүстік аймақтарымызды бұл тығырықтан шығаратын бірден-бір көз болмақ.
· Ибраһим Б.К., МДОІМ, «Нұр Отан» ХДП Бесқарағай БПҰ төрағасы: Биылғы Жолдаудың арқалаған салмағы жылдағыдай жеңіл емес. Айталық, бірқатар халықаралық ұйымдарға мүше Қазақстанның тарапынан іске асырылатын шаралардың әсем де сәнді Елордамыз – Астанада өтетіні. Сонымен бірге үдемелі индустриалды-инновациялық даму жолында қазақстандықтардың әлеуметтік әлеуетін арттыру игіліне бағыттала жасалатын жобалардың жүзеге асуға жедел қолға алынуы қуантады.
Сайып келгенде, мектеп ұжымы бұл Жолдаудан патриоттық-азаматтық тұрғыдан айтарлықтай күш-қуат алды.
| |
|
Всего комментариев: 0 | |