20:16 Жиырма жылдың жаршысы | |
АЙНАЛАЙЫН ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚ ЖЕРІ
Алты Алаш айбатынан жаралған,
Алауынан Желтоқсанның қуат алған.
Айналайын Тәуелсіз Қазақ жері,
Аждаһаның аранынан босанған.
Отарлау һәм езгіге де шыдаған,
Қайран қазақ жас емес, қан жылаған.
Айналайын Тәуелсіз Қазақ жері,
Қырандайын бүгін еркін парлаған.
Қазақ халі шектелді де байланды,
Хандық құрып, ояз-болыс сайланды.
Айналайын Тәуелсіз Қазақ жері,
Бодандықта аман қалған нең қалды?!
Қазақ тілі мәртебеден айырылды,
Діл қанаты омақаса қайырылды.
Айналайын Тәуелсіз Қазақ жері,
Тіл де, діл де есеюге күш алды.
Атаулары қазақтың ұмытылды,
Арыстары Алаштың опат болды.
Айналайын Тәуелсіз Қазақ жері,
Әманда біз тілейміз ақ жолды.
Еркіндікте шарықтасын Қыранымыз,
Жасай берсін «Алаш!» атты ұранымыз.
Айналайын Тәуелсіз Қазақ жері,
Қазақстан – ежелгі Тұранымыз!
ШАҺМАНТЕГҢ-ИБРАҺИМ Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
«Нұр Отан» ХДП «Бесқарағай» БПҰ төрағасы,
Бесқарағай ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы
| |
|
Всего комментариев: 0 | |