20:08 Жиырма жылдың жаршысы | |
ТӘУЕЛСІЗДІК ТАРАМДАРЫ
Тәуелсіздік – ежелден-ақ аңсауымыз,
Күлтегін, Едіге көтерген көк туымыз.
Айбыны түріктердің айшықталған,
Жығылмайтын, асқар, биік тұғырымыз.
Тәуелсіздік – Талас, Тұран даласы,
Ертіс, Еділ, Жайық, Сыр, Шу саласы.
Айбары қазақтардың айқындалған,
Шын өзегі, бар ма біреудің таласы.
Тәуелсіздік – Жәнібек, Керей, Қасым, Берке,
Хақназар, Есім, Абылай, Тәуекел, Тәуке.
Құдіретті қазағымның хандығы,
Алтын заман – тірлігі нық береке.
Тәуелсіздік - Әбілқайыр, батыр Сырым,
Исатай, Кенесары, баһадүр дүйім.
Жанға батқан бодандыққа бой бермеген,
Амангелді, Бекболаттай бірегейім.
Тәуелсіздік – ардақты Алаш арманы,
Зиялылар бола білгенәз құрбаны.
Ұлы жолда бойындағы барын салған,
Қырандайын егеменді ел ұланы.
Тәуелсіздік – дүр сілкінткен Желтоқсан,
Қайрат, Ләззат ұшқындатқан күш орасан.
Шашау етпей, еркіндікке қол жеткізген,
Парасатты Назарбаев Нұрсұлтан.
Тәуелсіздік – теңдесі жоқ тұғырымыз,
Еркін Қыран, асыл, алтын Күн-Нұрымыз.
Күнпарағын жиырма жылға бек толтырған,
Үлкен-жасты рухтандырар Әнұранымыз.
ШАҺМАНТЕГҢ-ИБРАҺИМ Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
«Нұр Отан» ХДП «Бесқарағай» БПҰ төрағасы,
Бесқарағай ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы
| |
|
Всего комментариев: 0 | |