16:50
Жетістіктің жүз қадамы

91-ҚАДАМ: МЕЙІРІМДІ БОЛЫҢЫЗ

Адамның мейірімді болуы – бұл өмірдегі үлкен жетістігінің бірі. Мейірімділікті қолдан жасап ала алмаймыз. Бірақ адам бойында мейірімділікті қалыптастыруға болады. Мейірімділік адам бойындағы ерекше қасиеттің бірі. Жетістікке жетуде әр адамға мейірімділік керек. Осы мейірімділіктің арқасында айналаңдағы адамдарға көмектесу арқылы өмір саған көмектесетіні анық.

Мейірімі аз адамдар да үлкен жетістікке жетіп жатыр. Бірал сол жетістікке қандай жолмен жетті. Абай айтқандай «адамның адамшылығы мақсатына жеткенде емес, оған жетер жолда білінеді». Мақсатына жетер жолда мейірімі мол адамдар ешкімге зиянын тигізбей жететіні белгілі. Мейірімі аз адамдар мақсатыма жетемін деп, жолында кездескен кейбір қиындықтарда адамгершіліктің сатысынан аттап кетуі мүмкін. Олай адамгершіліктің сатысынан аттап жету, адамның өзіне және айналасына зиянын тигізетіні анық.

Мейіріміңді алдымен отбасыңа бөлу керектігін алға тартамыз. Сізге ең жақын адамдар сол отбасың. Оларды басқамен айырбастап ала алмайсыз. Одан кейінгі жақындарыңыз, олармен де жақсы қарым-қатынаста болып, мейірімі төге біліңіз. Одан кейін достарыңызбен жақсы қарым-қатынаста болу арқылы абыройлы болатыныңыз белгілі. Одан кейін жалпы адамзат баласына қаһарыңызды емес, мейіріміңізді төге білсеңіз бақытты өмір сүресіз. Қаншалықты айналаңа қандай энергия шашсаң, ол саған соншалықты еселеніп қайтып келетін болады. Бұны бүкіләлемдік қайтарым заңы деп атайды.

Мүмкіндік барда мейірімді болыңыз, ал мүмкіндік әрқашанда болады.

Зинедин Зидан    

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 195 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: