19:42
Жетістіктің жүз қадамы

72-ҚАДАМ: ҰЯЛМАЙТЫН НӘРСЕДЕН ҰЯЛАМЫЗ, ҰЯЛАТЫН НӘРСЕДЕН ҰЯЛМАЙМЫЗ

Қазір әлеуметтік желілерден жалпы айналамыдан байқағанымыз, кейбір адамдарға қарап ішіміз ашиды. Олар ұялмайтын нәрседен ұялады, ұялатын нәрседен ұялмайды. Қарап тұрсаңыз, түсініксіз нәрсе. Айталық, кейбіреулер спортпен айналысса, кітап оқыса, біреуге көмектессе, жақсы іс-шараларға қатысса, елге танымал адамдардың мүсінінің алдында суретке түсуге, көпшілік адамға пайдасын беретін жақсы сөздерді әлеуметтік желіде айтуға, осы секілді нәрселерді айналасына жариялауға ұялады. Түсініксіз не үшін ұялады осы. Қайтаға бұндай іс-әрекеттеріңді қуана айналаңа жариялаған дұрыс емес пе?

Керісінше, адамды ыңғайсыз немесе ұятты нәрсе қылып көрсететін нәрселерді әлеуметтік желілерде асыға жариялайды. Мысал, олар плейстейшн ойнау, компьютерлік ойындарды түннен азанға дейін ойнағанын көрсету, кальян тартқанын көрсету, түнгі клбутарда істеген істерін өрсету осы сияқты істерін жасыруға емес, көрсетуге тырысады.

Ойлана келе заман жастарды солай ұятты нәрселерді жариялауға құмар, керісінше, жақсы нәрселерін жариялауға ұятты қылып көрсету дәрежесіне апара жатыр ма деп ойланып және алаңдап та қаламыз.

Дұрысы, айналамызға тек жақсы істерімізді көрсетейік, ұятты істерімізді ьарынша жасыра білейік және ондай істерден айығу жолдарына бойлайық.

«Құдайдан қорық, адамнан ұял»

Абай    

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

  

Просмотров: 261 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: