10:01
Жетістіктің жүз қадамы

67-ҚАДАМ: БОЙЫҢДА БАР ҚАБІЛЕТТІ ДАМЫТУ

Кез-келген адамның бойында өзіне тән қабілеті бар. Қабілет ол ұрпақтан ұрпаққа берілетін адам бойындағы бір іске қызығушылығы емесе бір іске ептілігі сияқты нәрселер, ген арқылы атадан балаға беріліп отырады.

Мүмкін біздің төртінші атамыз немесе жетінші атамыз немесе оныншы атамыз мықты бір өз заманының тұлғасы болған шығар. Кез-келген адамның арғы аталарынан ерекше қабілеттер ұрпақтан ұрпаққа ген арқылы беріледі. Сол үшін де кез*келген адамда қабілет бар. Тек оны оятып немесе анықтап іске қосу керек. Айталық, бір адамдар жастайынан сөйлеу мәнеріне жақын болады. Іс-қимылға байланысты істерге жақын болмағанымен, ол белгілі бір тақырыпқа немесе өз ойын анық жеткізе алады. Бұл қабілет, тек оны өзіңе пайдалы етіп пайдалансаң болғаны.

Кейбір адамдар сөзге онша болмағаы мен іске келгенде өз ісін жақсы атқара біледі. Бірақ сөйлеу мәнері жағынан қиналатын адамдар қоғамда баршылық. Бұндай адамдарға да өз бойындағы қабілеті бар істі анықтап сол істі өзіңе пайда түсіретін етіп пайдалану қажет.

Ал егер де екеуі де бар болса, бірақ екеуі де төмен деңгейде бойыңызда бар екенін байқасаңыз қорқудың еш қажеті жоқ. Ол бойдағы шопақтай бар қабілетті, таудай қабілетке айналдыруға болады.

«Жетістіктің 99 пайызы еңбек, 1 пайызы талант» деген сөзді естен шығармаңыз. Бұл сөзді әлемге танымал тұлғалардың көпшілігі айтқан. Бұл дәлелденген факт.

Адам бойындағы қабілетті арттырудың бірнеше жолы бар. Олар кітап оқу, жалпы біліміңді арттыру, бір жаңа өзіңе ұнайтын істі бастап көру, көпшілік адаммен жақсы қарым-қатынаста болу сияқты нәрселер адамның бойында бар қабілетті оятады және жоғарылатады. Бастысы «менің бойымда ешқандай қабілет жоқ», «менің қолымнан келмейді» деген сөздерді атауы болмаңыз. Сөз ойыңызға, ойыңыз іс-әрекетіңізге айналуы әбден мүмкін.

Тағы да: кез-келген адамның бойында қабілет бар тек оны ояту керек және анықтау керек және бар қабілетті үнемі дамыту қажет.

Бастысы: алдыңызға мақсат қойдыңыз ба, алға бірінші қадамды басыңыз, жол ары қарай өзі ашылатын болады.

Кез-келген адамның бойында қабілет бар, тек оны оята білу қажет және үнемі дамыту қажет.     

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

Просмотров: 248 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: