11:36
Жетістіктің жүз қадамы

64-ҚАДАМ: 100% ЖАУАПКЕРШІЛІК АЛЫҢЫЗ ӨЗІҢІЗГЕ

Жетістікке жеткіңіз келсе өз өміріңізге өзіңіз 100% жауапкершілік ала біліңіз. Жауапкершілік сізге қалай жұыс атқару керек екенін анықтап береді. Сіз өзіңізге жауапкершілік алғаннан кейін ешкімге сені атқармайтын болсаыз. Барлық өзіңіз ойлаған мақсаттарыңызға өзңіз жету керектігін ұғып жұмыс атқаратын боласыз.   

«Жақсылық көрсем өзімнен,

Жамандық көрсем өзімнен.

Тағдыр қылды дегенді

Шығарамын сөзімнен», -

деп Сұлтанмахмұт Торайғыров айтқандай өзіңізге жауапкершілікті арта біліңіз.

Әдетте, біреуге сеніп қалған адамдар жетістікке жетуі қиынға соғады. Себебі олар жауапкершілік өзінен емес, айналасынан іздейді. Оның атқаратын жұмысына отбасысы кінәлі немесе достары кінәлі немесе үкімет кінәлі немесе ауа райы кінәлі немесе өмір кінәлі секілді көрінеді. Оларға айнала кінәлі, ал өзінікінің барлығы да дұрыс көрінеді.

«Ақылды адам алдымен кінәні өзінен іздейді, ал ақымақ адам кінәні айналасынан іздейді» деп Конфуцийдің айтқаны бар.

Нағыз көшбасшылар, жетістікке жеткен адамдар өзіне жауапкершілікті арта білген. Жетістікке жету үшін сізге білім, тәжірибе жинау ораторлық қабілетіңізді шындау, айналаңмен жақсы қарым-қатынаста болу, еңбекқорлық, салауатты өмір салтын ұстану секілді нәрселер керек делік. Ал осы нәрселер сіздің бойыңызға оңай қона салатын нәрселер емес. Бұны бойға сіндіру үшін еңбекқорлық пен өзіңнің өміріңе деген жауапкершілік қажет болатыны анық.

Адам қай уақыттан бастап өзіне емес, басқа бір адамға түбегейлі сенетін болса, ол сол күннен бастап дамуын тоқтатады. Себебі ол өзіне жауапкершілік алған жоқ. Өмірдің тізгінін өзінің қолында емес, басқа біреуге беріп қойды. Өз өмірінің тізгінін ұстағаннан бастап адамның бойындағы алапат күші оянып жұмыс атқаратын болады.

Өмірде өзіңізге сеніңіз, басқаға сеніп өміріңіздің басқа біреудің қолында болуына жол бермеңіз. Әрине, сізге көмектесем деген адамдарға қарсылық білдірмеңіз.Оларды тек пайдаланыңыз. Оған да өзіңіздің көмегіңізді аямаңыз. Тағы айтарымыз: өзіңізге түбегейлі сенетін адамдарға, өз өміріне өзі жауапкершілік алатынына қолдан келгенше көмектесіңіз.

Сылтау айтпаңыз. Әр істің өзіндік шешілетін уақыты бар. Бірі аз уақытта шешілсе, енді бірі біраз уақытты талап ететін болады. Әр іске дұрыс көзқараспен қарасаңыз шешілетіні анық. Сылтау айту адамды кері тартатын әдеттердің бірі. Әдетте сылтау көп айтатын адамдар жетістікке жетуі қиын болады. Олар істе алдымен мүмкіншілікті емес, қиындығын көреді және сылтауға бейім болып тұрады.

Адам қаласа, уақыт табады,

Қаламаса, сылтау табады.

Сылтау айтпауға тырысыңыз. Қандай жағдай болса да айтпаңыз. Шындықты айтыңыз. Сылтау әдетіңізге айналып кетсе, одан құтылудың өзі де қиын болмақ.

Кінәламаңыз. Жаңа айтып кеткеніміздей, айналасына сеніп қалған адамдар әдетте айналасын кінәлі көреді. Өйткені олар өзіне емес, айналасына сеніп қалған. Бұл адамның өмірлік соры болмақ. Өйткені өзінше бір талпыныс жасай алмайды, жаңа мүмкіндіктерді қарастырмайды, жаңа өзіндік ойлау жүйесін пайдаланбайды, соның арқасында өзі ойлағандай жетістікке жете алмайтыны белгілі.

Өзіңіз шешім қабылдап үйреніңіз. Бұрыс болса да, дұрыс болса да, өзіңіз қолдан келгенше дұрыс шешім қабылдауға дағдыланыңыз.

Бірақ мына сөзді әрдайым есте сақтаңыз: Қарғыстың ең жаманы – өзің білме, білгеннің тілін алма.

Тек өз ойыңмен жүр демейді. Білімді, тәжірибелі адамдардың кеңестерін ал, ой қорыт, үңіліп тыңда. Бірақ соңғы шешімді өзің қабылдап үйрен. Қателессең де келесі жолы қателесуің қиын болады. Сенің өміріңнің қалыптасуы саған ғана тән.

Әрине, барлық адамға тән керекті нәрселер көп. Оны сол айтылған күйінде істесеңіз де, жаман болмайтынңыз анық. Мысалы, спортпен айналысу, білім жинау, салауатты өмір салтын ұстану, заңға бағыну – бәрі адамға тән нәрселер. Осындай ең керекті дүниелер жайлы кеңес алыңыз. Бірақ соңғы шешімді өзіңіз қабылдап үйреніңіз. Басында қателесуіңіз мүмкін. Бірақ кейін уақыт өте келе тәжірибе жинайтыныңыз анық.

бастысы – өміріңізді жауапкершілігіңізге алыңыз, сонда өзеріп, алдыға ұмтылатыныңыз анық.

Жауапкершілікті өз мойныңа алғаннан бастап, жеңіс жолына түсесің.     

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

  

Просмотров: 278 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: