11:40 Жетістіктің жүз қадамы | |
63-ҚАДАМ: ТЕК ЖАҚСЫ ОЙЛАҢЫЗ. СІЗ ӨЗ ОЙЫҢЫЗДЫҢ ЖЕМІСІСІЗ «Ойы жақсының өзі жақсы» демекші, ойды өзгерттім деген өмірімді өзгертуге керекті ең мықты құралды қолға түсірдім деген сөз. Барлық істелетін жақсылық та, жамандық та ойдан басталатыны бұған дейін де талай айтылды. Сенің бүкіл мәселең сенің басында ғана деп батыстың тренерлері айтқандай, шынымен де адам баласының көпшілік мәселесі оның миында. Оған тек жаңаша көзқараспен қарай білу қажет. Егер ойыңыздың жақсы емес екенін байқасаңыз, оны дереу өзгерту қажет. Ойды ертең немесе арғы күні өзгертуге болмайды. Ойды бүгін өзгерту қажет. Мысалы, сіз миллионер болғыңыз келді дейік. Онда бірінші қадам сол миллонерше қадам жасау. Алдымен миллионерше ойлау. Солар секілді алдыңызға мақсат қойып, бизнес жоспар құрып, солар секілді бизнеске қажетті заманауи білімдерді игеріп, солар секілді киініп, солар секілді сөйлей біліңіз. Сонда өзгеретіңіз анық. Осыған байланысты «Миллионер за минуту» деген Роберт Г.Алленнің кітабын оқп шығуға кеңес береміз. Қандай да бір жетістікке жеткіңіз келсе, сол жетістікке жеткен адамадрша ойлай білгеннің пайдасы зор деп білеміз. Тек шамадан тыс ауытқып кетпесеңіз болғаны. Ойды бір күнде өзгертуге болады. Ниетіңіз болса болғаны. Ал өмірді өзгерту осы ойдан бастау алатыны белгілі. Ойды өзгертудің бірнеше жолы бар. Олар кітап оқу, ойды өзгертетін тренингтерге бару, бастысы өзіңіздің өміріңізге 100% жауапкершілік алу. Сонда пайдасыз ой-кеселдерден арылып тек жақсы ойлау режиміне түсесіз. Жақсы ойлау жақсы өмірдің бастауы екенін естен шығармаңызү Кез-келген нәрсе екі жерде пайда болады. Алдымен ойда, одан кейін өмірде. Альберт Эйнштейн Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |