09:49 Жетістіктің жүз қадамы | |
54-ҚАДАМ: ӨЗІҢІЗДЕН МЫҚТЫ, ТӘЖІРИБЕЛІ АДАМДАРМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫҢЫЗДЫ АРТТЫРЫҢЫЗ НЕМЕСЕ БІРГЕ ЖҰМЫС ІСТЕҢІЗ ЖӘНЕ КӨМЕКТЕСЕ БІЛІҢІЗ Өскіңіз келсе өзіңізден мықты адамдармен қарым-қатынасыңызды арттырыңыз немесе бірге жұмыс істеңіз. Біздің қоғамда тәжірибелі адамдар баршылық. Қандай мекеме болсын, әр жерде өз ісінің мамандары бар. Олармен қарым-қатынасыңызды арттырып көп нәрсе үйренуге болады. Өзіңіз ақылды деп санаған 5 адамды таңдап алыңыз. Мүмкіндік болса, оларды кездесуге шақырыңыз. Жарты сағаттық кездесудің өзінде сіз көптеген жаңа білімдер жинақтайсыз. Дұрысы өмірде табысқа жеткен, мол білімі бар, тәжірибелі ададмармен қарым-қатынасыңызды арттырыңыз, сонда сізде солар секілді жетістікке жетуіңіз әбден мүмкін. Егер білімі-тәжірибелігі жағынан өзіңізден қарағанда төмен адамдармен жұмыс істесеңіз қоспайсыз, тек бір орында тұрасыз, тіпті тәжірибелігіңіз төмендеп кетуі де мүмкін. Енді түбегейлі білім тжірибесі аздау адамдармен қатынасыңызды үзу шарт емес. Тек сіздің өсуіңізге кедергі болатын нәрселерін, бойыңызға сіңірмесеңіз болғаны. Бірақ мынаны есте сақтаңыз, адамнан адамға сынықтан басқасының бәрі жұғады. Түбегейлі адамды бұлай бөлуге де болмайды. Табысты, білімді, тәжірибелі адамдармен қарым-қатынас жақсы болғаны, әрине, жақсы. Бірақ тәжірибесі-білімі аз адамдармен қарым-қатынасты мүлдем үзуге болмайды. Бұл адамгершілікке жат деп білу қажет. Егер өзіңізден әлсіз екенін байқасаңыз қолдан келгенше көмектесіңіз. Сонда сізге сізден жоғары тұлғалар көмектесетіні анық. Өмір алмакезек. Бүкіл әлемдік қайтарым заңы. Қолдан келгенше көмектесіңіз, адамнан қайтпаса Алладан қайтады. Адамнан адамға сынықтан басқасының бәрі жұғады.
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |