11:28
Жетістіктің жүз қадамы

43-ҚАДАМ: ӘЛЕМДІ БАСҚАРҒЫҢ КЕЛСЕ, АЛДЫМЕН ӨЗІҢДІ БАСҚАР

Айтылған бұл сөзге қарап, адам көпшілікті басқару үшін алдымен өзін басқаруы тиіс. Өзіңді басқару дегеніміз өзіңе зияны тиетін, бірақ саған рақат беретін нәрселерден бас тарту. Және өзіңе пайда беретін, бірақ еңбекқорлықты, шыдамдылықты қажет ететін нәрселерге бойұсыну.

Негізінде ең қиын нәрсе адам өзін толық басқара білуінде. Үнемі адамның нәпсісі адамды жамандыққа тартып тұрады. Оны үнемі тыйып тұрмасаңыз, ол сіздің бойыңызға сіңуге құмар келеді. Сол үшін де өзіңізді басқара біліңіз. Негізінде адам жастайынан өзін басқаруға әдеттену керек. Бірақ егде жасқа келсеңіз де өзіңізді басқаруға болады. Бірақ жас кезіңізге қарағанда қиынға түседі. Себебі көптеген жылдар бойы өзіңізге ыңғайлы аумақта отырып қалсаңыз, одн ыршығып шығу қиынға түседі.

Сол үшін де уақытты кетірмей өзіңізді басқарыңыз. Ол үшін ең алдымен өзіңнен есеп алуды әдетке айналдырыңыз. Қазақтың ұлы ақыны Абайдың қара сөзінде айтқаны бар: «Егер есті кісілерден қатарынан болғын келсе күніне бір рет, болмаса аптасына немесе айына бір рет болсын өзіңнен есеп ал».

Осы уақытта не бітірдің, кімге жақсылық жасадың, кімге жиянын тиді. Дүние шаруасына, ақырет шаруасына не бітірдің. Осындай жүйелі өзіңізден есеп алып есті адамдардың қатарынан болыңыз. Бүгіннен бастап өзіңізге күнделік арнаңыз. Оған күнделікті атқаратын істеріңізді жазыңыз және оның орындалуын қадағалаңыз.

Әр атқаратын істеріңіздің жанына уақытын жазыңыз. Бұл сізге уақытты тиімді пайдалануды үйретеді. Ұйқыны ретке келтіріңіз. 7 сағаттық ұйқы режимін ұстаныңыз. Таңғы уақытта 6-дан тұруды әдетке айналдырыңыз. Бастапқыда қиындау болуы мүмкін. Бірақ бірнеше рет тұрғаннан кейін әдетіңізге айналып қиынға соқпайтын болады. Салауатты өмір салтын ұстаныңыз. Спортпен шұғылданыңыз.

Уақытылы тамақтаныңыз. Тағамыңызға аса мән беріңіз. Донерлік тағамдарды көп жемеңіз. Біліміңізді әрдайым арттырыңыз. Кітап оқуды әдетке айналдырыңыз. Мақсатыңыз жайлы көп ойланыңыз. Өзіңіздің кемшіліктеріңізден құтылыңыз.

Қолыңыздан келмесе, көмек сұраңыз. Ізденіңіз. Еңбекқорлығыңызды дамытыңыз. Өзіңіздің атқарып жатқан жұмысыңызға махаббатыңызды арттырыңыз. Осындай өзіңізге пайда беретін, бірақ шыдамдылық пен еңбекқорлықты талап ететін істерге, өзіңізді бойұсындырыңыз. Сонда алдыңызға қойған мақсатыңызға жетуге оңай болатыны анық.

Өмірдегі ең қиын нәрселердің бірі – өзіңнің нәпсі құмарлығыңды басқару.

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 294 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: