22:47
Жетістіктің жүз қадамы

41-ҚАДАМ: ӨМІРЛІК ЖАРЫҢЫЗҒА АСА МӘН БЕРІҢІЗ

Өмірде екі нәрседен қателеспеу керек. Олар имандылық пен жар таңдаудан. Шынымен де солай. Осы екеуін жақсы таңдай білген адамның өмірі жақсы арнаға бұрылуы айдан анық. Пайғамбарымыздың хадисінде де келеді. Жақсы иманды әйел байлықтың екіден біріне тең деп.

Шынымен де, өмірлік жарыңыздың сіздің өміріңізде алатын орны ерекше. Жақсы өмірлік жар алғыңыз келсе, алдымен өзіңіз сондай жарға сай бола біліңіз. Шынымен де, өзің қандай болсаң, өмірлік жарыңы да сондай болатыны белгілі. Бірақ кейбір отбасыларға қарап, бұл сөзге ойланып қаласың кейде. Айталық, бір отбасының күйеу еңбекқор, мейірімді, табысты жақсы табады. Бірақ әйеліне келетін болсақ, мейірім аздау, жалқаулау, ақшаны бей-берекетсіз жаратуға құмар келеді. Бұндай отбасыларға қарап, жаның да ашиды. Бір жағынан табиғатта тепе-теңдік өстіп сақтала ма деп ойланып қаласың.

Осыған қатысты мынадай бір сөз бар: «Минус пен минус қосылса – өшеді, плюс пен плюс қосылса – күйеді. Дұрысы – плюс пен минус қосылса, сонда өмір жалғасады». Бір жағынан қарағанда, дұрыс та секілді. Енді басқа жағынан қарасаң, барып тұрған әділетсіздік. Бұ да адамның өзіне көп жағынан байланысты. «Бап шаба ма, әлде бақ шаба ма».

Бағамдасақ, екеуі де шабады. Өзіңіз таза ниетіңіз түзу болса, бағыңыз да шабар. Ал егер өзіңіз білімді болып, адам тани білсеңіз, бабыңыз шабатыны айдан анық. Сіздің бабыңызды да, бағыңызды да пайдалану өз қолыңызда.

Өмірлік жарыңызға аса мән беріңіз. Бастысы – өзіңіз таза, ниетіңіз түзу болса және адам тани білсеңіз, өміріңіздегі өзіңіз ойлағандай жар алуға мүмкіндігіңіз көп болмақ. Жақсы жар алсаңыз, алдыңызға қойған мақсатыңызға жетуге ең сенімді жол, серік тапқан боласыз.

Тәртіптілік – тұрмыстың жартысына, достасу – ақылдың жартысына, уайымшылдық – кәріліктің жартысына тең; өнерлі, ақылды әйел – байлықтың екіден біріне тең..

  • Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с.)

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

  

Просмотров: 314 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: