22:17
Жетістіктің жүз қадамы

30-ҚАДАМ: УАҚЫТ

Уақытты босқа өткізу – сізге пайдасы жоқ істерге уақыт бөлу. Біз күнделікті өмірде небір түрлі істер атқарамыз. Оның бірінің пайдасы тиіп жатса, бірінің еш пайдасы жоқ, ал кейбір іс-әрекеттер өз зиянын да беріп жатыр. Сіз уақытты тиімді басқарсаңыз, өміріңізді де басқарасыз.

Уақыт тоқтамайды, ол тек өте береді және өте береді. Қазіргі интернет дамыған дәуірде уақытты бос өткізу адамдар арасында артып кетті. Неше түрлі әлеуметтік желілер алтын уақытымызды ұрлап жатыр. Күніне осындай әлеуметтік желіліерге кемінде 4-5 сағат уақытымызды жұмсайсыз. Кейбір адамдарда тіпті бұдан да көп уақытын кетіреді. Ал кейбіреулер 1-2 сағат уақыт жоғалтады. Әлеуметтік желілердің бізге берер пайдасы да бар. Ол күнделікті болып жатқан жаңалықтар, білгіміз келіп жатқан ақпараттарды алу секілді пайдалы тұстары бар. Бірақ бұл әлеуметтік желілердің бере зияны да шаш-етектен.

Біріншіден, бейберекетсіз, пайдасыз бейнежазбалар, суреттер, арзан шоу сияқты бірдеңелерді көру арқылы уақытыңызды жоғалтасыз. Екіншіден, желіде көп отырып, дене қимылымен аз айналысқандықтан денсаулығыңызға да зияны тиеді. Үшіншіден, жасөспірімдер әлеуметтік желіліерде көп отырып, психологиялық және физикалық даму жағына кері әсер етеді.

Әлі толық қалыптаспаған адам интернетте емін-еркін отырып, өзіне зиян тигізетін небір түрлі ақпараттарды көруі мүмкін. Олар эротикалық бейнежазбалар, суреттер, адасқан ағымдар жайлы, қорқынышты бейнежазбалар т.б. осы секілді материалдарды көру арқылы психологиялық соққы алып, болашақта саналы тұлға болып қалыптасуға кері әсер етуі мүмкін.

Сол себепті де жасөспірімдердің интернетті дұрыс пайдаланауын қадағалаңыз. Айта берсек, әлеуметтік желіліердің берер зияны өте көп. Дұрыс пайдалана білсең, пайдасы да мол. Бастысы – өзіңе және жақындарыңа зияны тимейтіндей дұрыс пайдалана біл.

Уақыт – үлкен байлықтың бірі. Оны еш нәрсемен айырбастап ала алмайсыз. Уақытыңызды тиімді пайдаланыңыз. Бәрін өз уақытымен жасауға тырысыңыз. Алдыңызға мақсат қойыңыз, сол мақсаттарыңызды уақытқа бөліп, уақыт сізді емес, сіз уақытыңызды басқарыңыз.

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

  

Просмотров: 304 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: