11:54
Жетістіктің жүз қадамы

29-ҚАДАМ: ЖАСҚАНШАҚТЫҚ

 Жасқаншақтықтан айығудың жақсы бір жолы – көпшілікпен араласу.

Жасқаншақтық – бұл адам бойындағы жағымсыз қасиеттің бірі. Жасқаншақ мінезді адамдардың мақсатына жетуі сирек. Өйткені олар әр істе жасқанып алдыға ұмтылуға батылы бара бермейді. Адамдармен сөйлескенде де ұялмайтын жерден ұялып, өз ойын толық жеткізуден арланады. Жасқаншақ мінезді адамдардың тағы бір кемшіліг – алдыға ұмтылуға арланады, ел-жұрт не дейді, қасымдағылар не дейді деп осындай зиянды ойдың етегінде жүреді.

Жасқаншақ мінезді адамдардың әр істе де өсуі қиын, себебі бұндай мінезді адамдар өзін көрсете алмайды, сондықтан оқу орнында болсын, қызметте болсын, бизнесте болсын табысқа жетуіне осы мінезі кедергі жасайды. Егер де сіздің бойыңызда осы жасқаншақтық мінез болса, онда бұдан дереу айығу жолдарын қарастырыңыз.

Айығудың жақсы бір жолы қасыңыздағы достарыңыздың қандай болуында. Сіздің достарыңыздың бойында жасқаншақтық мінезі жоқ, қоғамдық ортада өз ойын емін-еркін айта алатын таныстарыңыз болса, онда осы адамдармен қарым-қатынасыңызды арттырыңыз.

Олардың мінез-құлқы сізге сөзсіз жұғады. Жасқаншақтық мінезден өзіңіз-ақ айығуға болады. Ол үшін алдымен өзіңізге сеніміңізді арттырыңыз. Қоғамдық ортада өз ойыңызды қысылмай, емін-еркін жеткізуге тырысыңыз. Ұялмаңыз. Ұялмаңыз деп мүлдем ұялмай кетуге де болмайды. Кейбір адамдар ұялмайтын нәрседен ұялып, өзіне қиындық туғызады. Бастысы – дұрыс нәрсені дұрыс істей алсаңыз болғаны.

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

  

Просмотров: 307 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: