19:12
Жетістіктің жүз қадамы

27-ҚАДАМ: АШУШАНДЫҚ

Ашушандық – адамның жағымсыз бір мінезі. Ашушандықтың сізге берер зияны көп. Сіздің денсаулығыңызға кері әсерін береді. Көп ашуға берілетін адамдардың жүйке жүйесі шаршап, денсаулығында әлсіздіктер байқала бастайды. Ашушандық адамды түрлі жаман ауруларға апарады. Олар: онкологиялық аурулар, инсульт, инфаркт секілді ауруларға апарады.

Ашушандық сізді қоғамда беделіңізді түсіреді. Сізге адамдар сенімсіздік танытады және көп ашуланатын адамардың достары да азая бастайды. Отбасында да қиындықтар пайда болады. Көп ашуланатын адамдар көп теріс әрекеттерге барады. Себебі олар ашуға беріліп, өзін сабырға келтіре ала алмай, қиындықтарға тап болады.

Ашуды жеңудің ең тиімді жолдары – ақылға салу, сабыр сақтау, ұстамды болу. Ақылды, кішіпейіл, әділ, батыл, қайырымды, мейірімді адам ашулана қоймайды. Ашуын ақылына жеңдіреді.

Ашушандықтан құтылудың небір түрлі жолы бар. Оның бірегейі – спортпен айналысу. Спорттың, әсіресе жүгіру, жүзу секілді түрлерімен айналысыңыз. Спорт – сіздің бойыңыздағы стрестерді, уайымдарды жоюға керемет тәсіл. Біз күнделікті өмірде небір түрлі ақпараттарды қабылдаймыз. Оның ішінде сіздің көңіл-күйіңізді бұзатын ақпараттар да бар. Ол сіздің жүйке жүйеңізге әсер етіп, сізде ашушандық пайда бола бастайды. Осындай күйзелістерді қабылдағанда оны іште сақтай беру сізді ашушаң адамға айналдырады. Ал бұл күйзелістерді біз сыртқа шығарамыз ба? Негізінде бұндай күйзелістерді сыртқа шығарып тастаған жөн. Әрине сыртқа шығарамын деп қасыңыздағы адамдарға зияныңызды тигізбеңіз.

Күйзелістен айырылудың керемет жолы – спортпен шұғылдану. Онымен шұғылданғанда күйзеліс шығып кетеді. Немесе 1-2 сағат билеңіз. Билегенде де күйзелістен айырыласыз. Күнделікті өмірде болуы мүмкін небір түрлі жағдай. Қиыншылық түскен кезде еш уақытта қорқуға я өкінуге, не ашулануға болмайды.

Әр қиын жағдайда сабырға берілмей, ашуға ерік берсеңіз бұның соңы жақсылыққа апармайды. Сабыр сақтаңыз. «Сабыр түбі сары алтын» дегендей сабыр сақтай біліңіз. Күйзелістен айығудың тағы бір керемет жолы – әрдайым күліп жүру. Әрдайым күліп жүріңіз. Егер күліп жүруге ыңғай келмесе, онда айнаның алдында 10 минут күліп тұрыңыз. Бетіңізді ыржитып болсын күліңіз. Бұл сізге керемет әсер етеді. Сіз күлген сайын миыңызда домофин деген гормон бөлінеді. Бұл гормон сіздің алдыға ұмтылып, миыңыздың жақсы жұмыс істеуіне көмектеседі. Сол үшін де әрдайым көтеріңкі көңіл-күйде жүріңіз. Сонда бақытты және көп өмір сүресіз.

Егер сізге біреу ашуланса, мейілінше салмақты, жайбарақат болуға тырысыңыз. Бұдан ол одан сайын ызалануы мүмкін, бірақ біраздан кейін өзінің іс-әрекеті үшін қатты ұялады.  

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

  

Просмотров: 472 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: