16:35 Жетістіктің жүз қадамы | |
26-ҚАДАМ: ҚОРҚАҚТЫҚ Әділеттілік пен іс істейтін жағдайға тап болғанда, бұғып қалғанды қорқақтық дейміз.
Қорқақтық – адам бойындағы өзіне сенімсіздік қасиеті. Сенім адамды 180 градусқа өзгертеді. Адам өзіне сенбей, қорқақтық қасиетін танытса, табысқа жетуі екіталай. Психология ғылымы бойынша адам табысқа жету үшін, бірінші, ойын өзгерту қажет. Ал ойда өзіне сенімділік болса, бұл сізге жоғарғы деңгейде әсер етеді. Айталық, сіз бір істі сенімсіздікпен бастап, қорқатыққа жол берсеңіз, ол істе жеңіске жетуіңіз екіталай. Себебі кейбір істерде тәуекелге бара алмайсыз және сенімсіздігіңіз артып, істі ары қарай жалғастыруға талпына алмайсыз. Я көзсіз тәукелге бару ақымақтық. Мүлдем қолдан келмейтін, сіздің қабілетіңізге сәйкес келмейтін іс-әрекетке тәуекелге бару ақымақтық. Айталық, сіз 5 шақырым жүгіріп жүрсіз. Сізге кенеттен 20 шақырым жүгіріңіз десе, бұл – ақымақтық. Ал 10 шақырымға жүгіріңіз десе, онда ойға қонымды. Әйтеуір қиналсаңыз да бірдеңе қылып 10 шақырымды жүгіріп шығуға болады. Осы сияқты көзсіз тәуекелдерге барудың қажеті жоқ. Бірақ шама-шарқыңызға қарай тәуекел етіп істі жүйелеп, өзіңізге сеніп іске кіріссеңіз, жеңіске жетуіңізге әбден болад. Әр істі бастағанда алдымен құдіретті Аллаға, одан кейін өзіңіздің шама-шарқыңызға сеніңіз. «Жетістіктің 99%-ы еңбек, 1%-ы талант» деп айтқандай барлық істің шешімі – еңбекқорлық пен тәуекелге бара білу. Егер біреу қорқақтық танытып, үнемі қауіптене берсе, сөйтіп өзінің қолы жетерлік ісінен де бас тартса, ол жоғары жетістікке жете алмайды. Қорқа бермей, істің басын бастаңыз. Одан кейін шетімен іс ашыла береді. Ары қарай іс сіздің біліміңізге, тәжірибеңізге, еңбекқорлығыңызға, психологиялық ойлауыңызға тікелей байланысты. Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
| |
|
Всего комментариев: 0 | |