14:43
Жетістіктің жүз қадамы

21-ҚАДАМ: ӨСЕК АЙТУ – ЖАҚСЫ НӘРСЕ ЕМЕС

Адаммен бетпе-бет сөйлеспей тұрып, ол туралы пікір айтудан аулақ болыңыз. Себебі ол жайлы естігендеріңіздің бәрі тек өсек қана.

Өсекшілдік, уәдеге опасыздық, көре алмаушылық, жалған сөйлеу – адамның нашар қасиеттері.

  • Имам Ғазали

Күнделікті өмірде біз бір-бірімізбен тығыз байланыста боламыз. Кейде артық, түкке де пайдасы жоқ әңгімелерді де айтамыз. Мынау бүйтіп қапты, анау сөйтіп қапты, пәленшенің отбасында анадай жағдайлар болып жатыр екен деген сияқты сөздер көп айтылады.

Әрине, бір-бірімізбен байланыста болып, хабар алмасқанымыз дұрыс, бірақ түкке де пайдасы жоқ әңгімелер кейбір кездері айтылады. Біз мағыналы, жақсы бір жетістіктерді, адамға бір пайдасын беретін, жақсы бір керекті әңгімелер айтсақ, жақсы болар еді. Кейбір адамдар біреудің отбасындағы жағдайларды айтып, біреу бүйтіп жүр екен, анау сөйтіп жүр екен, адамның көпке айтыла бермейтін жағдайларын айтатын адамдар да бар. Оны мұқатып, кекетіп, кемсітіп, біреудің артынан сөйлеуде әдетке айналдырып алады. Былай қарасаң, бұндай әңгімелер ешкімге пайдасын бермейді. Те айтылған бос сөз ғана болып қалады.

Осындай әңгімелер адамның уақытын алып, адамгершілік қасиетін төмендетеді. Сол үшін де өсек айтпаңыз, айтатын адамдар әңгімені бастағанда дереу сөзді басқа арнаға бұрыңыз немесе сөзін жалғастыруын тоқтатыңыз, тыңдамаған кейіп танытыңыз.

Бос сөзге уақытыңызды кетіргенше, алға қойған мақсатыңызға жетуге әрдайым әрекет жасаңыз. Бос әңгіме айтатындармен әңгімелескенше өмірде табысқа жеткен, оптимист адамдармен көп әңгімелесіп, жақсы қарым-қатынаста болыңыз. Сонда табысқа жетесіз.

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

  

Просмотров: 326 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: