16:50
Жетістіктің жүз қадамы

18-ҚАДАМ: БІЛІМ МЕН ТӘЖІРИБЕҢІЗДІ ҮНЕМІ ДАМЫТЫҢЫЗ

Теория практикасыз – өлі,

Тәжірибе теориясыз – бос әуре.

Мақсатыңызға жету жолында сізге теориялық біліміңіз де, тәжірибеңіз де ауадай қажет. Сол үшін де екеуін үнемі дамытып отырыңыз. Теориялық біліміңізді дамыту үшін кітаптар, сапалы бейнежазбалар, сапалы аудиожазбалар сізге көмектеседі. Үнемі өзіңіздің біліміңізді арттырып отырыңыз. Заман дамыған сайын кейбір білім-ғылымдар жарамсыз болып қалуда.

Заманауи біліміңізді міндетті түрде толықтырып отырыңыз. Бұл сізге жұмыс жасайтын болады. Қазір ғаламтордан қалаған салаңыз бойынша біліміңізді арттыра аласыз. Электронды кітаптар, сапалы бейнежазбалар, аудиожазбалардың көпшілігі ғаламтордан тегін-ақ жүктеледі.

Заман дамыған сайын кейбір ғылымдар жарамсыз ьолып қалуда. Оның бірден-бір себебі заман даму үстінде, жаңа технологиялар, ақпарат құралдарының жаң түрлерінің пайда болуы т.б. арқасында кейбір ғылымдар жарамсыз болып қалуды.

21-ғасыр – білім мен ғаламтор ғасыры. Қазір әлемде ғаламтор қолданушалыардың саны миллиардтан асып түсті. Оның ішінде әлеуметтік желіліердің белсенділігі артуда. Әлеуметтік желілерді қолданушылардың саны да сансызданып барады. Осындай алып желілер әлемге таралғанының арқасында көптеген нәрселерге мүмкіншілік артты.

Тәжірибеңізді үнемі дамытып отырыңыз. Я тәжірибелі маман болу үшін теориялық біліміңіздің жақсы болғаны жөн. Бұл екеуі бірігіп жұмыс істейді. Тәжірибені арттырудың жақсы жолдарының бірі – тәжірибелі адамдармен байланыста болу. «Адамнан адамға сынықтан басқасының бәрі де жұғады». Сол үшін де тәжірибелі адамадрмен қарым-қатынасыңызды арттырыңыз. «Сұрау бір минуттық ұят, ал білмей өту өмір бойы ұят болады». Сол үшін де үйренуден жалықпаңыз. Тәжірибеңіз сізге әрдайым қызмет ететін болады. Тәжірибеңізді арттырудың тағы бір жолы: өзіңіз бұрын-соңды атқарып көрмеген істерді атқарып көріңіз. Жаңа істерді атқарған сайын тәжірибелігіңіз де артатыны анық.

 
 
 

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

  

Просмотров: 334 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: