13:02 Жетістіктің жүз қадамы | |||
16-ҚАДАМ: АДАМНЫҢ ТҮРІ ДЕ, КИІМІ ДЕ, ЖАНЫ ДА СҰЛУ БОЛУ КЕРЕК Адамның түрі де, киімі де, жаны да сұлу болу керек.
«Мейірімділік, қатыгездік. Адамдардың бойындағы асыл қасиеттердің бірі – мейірімділік. Адамдардың адамдарға мейірімділік жасауы, көмектесуі, жанашыр болуы – ең басты парызы. Қатыгездік қатыгездікті туғызады, күнәға батырады, қарғысқа ұшыратады. Адамдар бір-біріне ғана емес, қоршаған ортасына, барлық тіршілік иелеріне – жан-жануарларға, өсімдіктерге де қатыгездік жасамауға, оған мейіріммен қарауға тиісті». Біз саналы адам болғандықтан өзіміздің барлық қасиеттерімізді сұлу қылғанымыз жөн болар. Сіз алдыңызға мақсат қойдыңыз, енді сол мақсаттарыңызға сәйкес тұлға болыңыз. Біз өзіміздің түрімізді қолдан жасап ала алмаймыз. Бірақ біз түр-келбетімізді көрікті ғып көрсету жолдарын пайдалансақ болады ғой. Спортпен айналысыңыз, дене бітіміңізді әдемі ғып көрсетіңіз т.б. Мақсатыңызға сәйкес көрікті киім киіп жүріңіз. Дональд трамп айтқандай «Сіз қандай жұмыс істейсіз оған емес, қандай жұмысты армандайсыз соған сай киіңіз». Бұл да сізге өз нәтижесін береді. Жаныңызды сұлу қылыңыз. Жаны сұлу, мейірімді, жомарт адамдар көп емес. Бұл Алладан адамзатқа келген үлкен сыйлардың бірі. Егер сіздің жүрегіңіз тасжүрек, ойыңыз арам болса, онда оны түзетуге болады. Ол үшін ең алдымен ортаңызды өзгертіңіз. Себебі адамға ортаның берер әсері өте мол. Дана халқымыз айтқандай «Сенің қандай екеніңді білу үшін, сенің жан досыңның қандай екенін білсем жеткілікті». Сол үшін де араласатын ортаңызды реттеңіз. Еңбекқор, өмірде алға қойған мақсаты бар, жаманшылықтан аулақ жүретін, жақсы достармен араласыңыз. Сіз егер кәсіпкер болғыңыз келсе, кәсіпкерлермен араласуды жиілетіңіз. Себебі «адамнан адамға сынықтан басқаның бәрі де жұғады». Сол үшін де ортаңызға мән беріңіз. Мына цитатаны естен шығармаңыз: «Бұлбұл гүлге, қарға қоқысқа жетелейді». Сіз қанша еңбекқор, табысты, мейірімді, тәжірибелі болсаңыз да, сіздің достарыңыз жалқау, жамандыққа үйір, ішімдікке, зинаға немесе осы сияқты нәрселерге әуес болса, бұл сізге әсер етпей қоймайды. Жаныңыз сұлу болғанын қаласаңыз, кітаптар оқуды әдетке айналдырыңыз. Айталық, діни кітаптар сіздің жаныңызды жомарт қылады. «Жомарттық. Адамдарға қиын шақта қол ұшын беру – үлкен сауап. Сараңдар жұмаққа кірмейді», - деген хадисте. Әлемге танымал тұлғалардың психологиялық кітаптарын оқыңыз, бұл сізге қатты әсер етуі сөзсіз. Және де сапалы бейнежазбаларды көруді әдетке айналдырыңыз. Арзан шоу, күлдіргі, пайдасыз бейнежазбалардан бас тартыңыз. Оның орнына санаңызды ретке келтіретін, өмірге мақсатты жүйелейтін немесе белгілі бір кәсіпке байланысты бейнежазбаларды көруді әдетке айналдырыңыз. Бл сізге өз пайдасын міндетті түрде береді. жиған-терген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
| |||
|
Всего комментариев: 0 | |