15:46 Жетістіктің жүз қадамы | |||
12-ҚАДАМ: РУХ – АДАМҒА ТАЛМАС ҚАНАТ БІТІРЕДІ Салың суға кетпесін. Салың ешқашан суға кетпесін. Менің үлкен жетістікке жетуімнің құпиясы – ешқашан рухани күйремеу. Біреудің көзінше ешқашан құлама.
Сіздің рухыңыз – бұл сіздің бейнеңіз. Рух сізге мақсаттарыңызға жетуде басты керекті элементтердің бірі болып табылады. Сіз рухыңызды қалай көтересіз? Рухты адам болып қалай жүре аласыз? Сізде рухыңыз мықты болу үшін арман мақсатыңыз болу керек. Осы мақсаттарыңызды ойлау арқылы оған жақындау арқылы сізде рухыңыз көтеріледі. Болашақтан қорықпайсыз. Болашаққа сеніммен қарап, рухты адам боласыз. Сіздің рухыңыз биік болуға тиіс, себебі біздің ата-бабаларымыз жауынгер, мықты халық болған. Сонау сақтар заманынан «Азиялық скифтер» немесе «Құдіретті еркектер», одан қала берді «Жүйрік атты турлар» атанған халықтар біздің ата-бабаларымыз өз кезегінде сақтар ешкімнен жеңілмеген батыр, рухты халық болған. Одан кейінгі ғұндар өз заманында Азияның қожасына айналған. Шығысында Қытайға қысым көрсетіп, оңтүстігінде талай жерге дейін жетті. Қытайлар «Қытай қорғанын» осы біздің бабаларымыз ғұндардан қорғану үшін салған. Ғұндар тіпті батысқа барды. Атилланың кезінде Еуропаны шарлаған ғұндар Рим империясының құлауына себепкер болған ұлы халық, ол – біздің бабаларымыз. Одан кейінгі Түрік қағанаты өз кезінде де азияның қожасына айналған жауынгер халық біздің ата-бабаларымыз. Түріктер де ғұндар секілді өз заманында айтулы ел болды. Одан бері тарқаған түрік халықтары өз жерінде әлі күнге өмір сүруде, небір қиын кездер өтсе де рухтары сынбай өсы кезге жетті. Біз, Қазақ елі, біздің бабаларымыз осындай жауынгер, рухты халықтың ұрпағымыз. Бізге өз жерімізде, өз елімізде рухсыз болып жүру ұят болады. Әлбетте, адамның рухы оған талмас қанат бітіреді. Сол үшін де өзіңіздің рухыңызды көтеріп, еңсеңізді биік ұстап, өмірге сеніммен қарай біліңіз, сонда бәрі жақсы болады. Біздің әрқайсымыздың қанымызда рухтың қаны бар. Тек оны оятып, іске қосу қажет. Қазіргі заманда, бұрынғыдай жауға шауып, ел қорғайтын кез емес. Әр адамның бойында алапат рухы болса, ол адам көптеген қиындықтардан өтіп кету мүмкіншілігі де зор болмақ. Айталық, сіз кәсіпкер болсаңыз, кәсібіңізде белгілі бір қиындықтар туындаған жағдайда, жарты жолдан талмай, алдыға ұмтылу үшін, сіздің рухани жан дүниеңіз мықты болуы шарт. жиған-терген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
| |||
|
Всего комментариев: 0 | |