23:45
Жетістіктің жүз қадамы

10-ҚАДАМ: ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ОЙЛАУ ЖҮЙЕҢІЗДІ РЕТКЕ КЕЛТІРІҢІЗ

Ойлау – ең ауыр жұмыс, бәлкім, сондықтан болар, онымен аздаған адам ғана айналысады.

  • Генри Форд

Егерде сіз әр күн сайын жатар алдында болашаққа ойша саяхат жасап, медитация жүргізсеңіз, бұл сіздің ойыңызға өзгеріс әкеледі. Медитация жасауға ыңғайлы уақыт таңғы және жатардағы кешкі уақыт ыңғайлы болады. Медитацияны ыңғайлы бір жерде жасаған жөн. Медитация жасағанда тыныш жерге барыңыз және артық еш нәрсе ойламаңыз, болашақта не істеп жүргеніңізді өзіңізге ұнайтын өмірді ойлаңыз. Осылай күнделікті таңғы уақытта немесе кешкі уақытта 10 минут медитация жасап тұрыңыз. Бұл сізге талмас қанат сыйлайды.

Медитацияның тағы бір жақсы түрі күндік медитация және апталық медитация. Сіз күндік медитация жасағаныңызда бір күнде атқаратын істеріңізді ойша ойлайсыз: «Мен осы жұмысты қалай істеймін?», «Көпшілікпен қалай сөйлесемін?», «Жасап жатқан жұмысымның нәтижесі қандай болмақ?» осылай медитация жасаңыз бұл сізге керемет атмосфера қалыптастырады. Апталық медитацияны осылай қолдансаңыз болады. Жалпы мақсатқа жетуде психологиялық ойлау жүйеңіздің алатын орны ерекше. «Сіз қалай ойлайсыз – өміріңіз солай болады». Сол үшін де тек жақсы ойлауға тырысыңыз. Жаман ойлардан, өзіңізге сенімсіздіктен аулақ болыңыз. Бұндай ойлар сізге кері әсер етеді.

Таңғы медитация

Кешкі медитация

Болашаққа медитация

Бүгінгі күнге медитация жасаңыз

Ертеңгі күнге медитация жасау

Болашағыңызды керемет қып елестетіңіз

 

Күніңізді керемет өткізіңіз. 10 минут жеткілікті

Керемет әсерлі ойлаңыз. 10 минут жеткілікті

Күніне 10 минут арнаңыз. Нәтижесі керемет болмақ

 
 
 
       

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

  

Просмотров: 353 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: