23:03 Жетістіктің жүз қадамы | |||
8-ҚАДАМ: МАҚСАТҚА ЖЕТУ ЖОЛЫНДА СІЗГЕ МОЛ КҮШ-ҚАЙРАТ, НҰРЛЫ АҚЫЛ ЖӘНЕ ЫСТЫҚ ЖҮРЕК ҚАЖЕТ БОЛАДЫ «Адамның адамдығы мұратына жетуде емес, оған жетер жолда көрінеді»
Абай атамыз айтқандай «ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, сонда боласың елден бөлек». Шынымен де мақсатқа жету жолында үшеуін де бірдей ұстауыңыз жөн болып табылады. Күш-қайрат – адамның белгілі істерге белсене кірісуі. Бойында күш-ұайраты мол адамдардың жетістікке жетуі мол болады. Осы күш-қайраттың арқасында небір үлкен еңбекті талап ететін істерді, ерінбей орындауыңызға осы күш-қайрат ауадай қажет десек артық айтпаспыз. Бойымызда күш-қайратты қалай мол қыламыз деген сұрақ та болуы мүмкін. Адамның бойында мол күш-қайрат болу үшін, ең алдымен, адамның тәні сау болу қажет. Тәні саудың жаны сау дегендей. Тән саулығын қамтамасыз ету үшін салауатты өмір салтын ұстану қажет. Бойда күш-қайраттың мол болуына тән саулығының маңыздылығы жоғары. Екіншісі адамның рухани жан дүниесі. Рухани дүниесі жаңғырған адамардың бойында күш-қайратын жігерлендіретін күш болғандықтан, ол адамның бойында күш күш-қайраты да мол болмақ. Нұрлы ақыл – адамның санасындағы үлкен орын алатын нәрсе. Ақылы мол адамның жетістікке жетпеуі мүмкін емес. Ақыл жүре пайда болатын құбылыс болғандықтан, әр адамда әрқалай болады. Бір адамдардың айналасындағы адамдары саналы тұлғалар болғандықтан, ол адамның да ақылды тұлға болып қалыптасуы мүмкін. Кейбір адамдарда бұған керісінше болуы да мүмкін. Ақыл жүре пайда болатындықтан, оны адам санасында қалыптастыру өз қолында. Ақыл адамға адамдар арқылы, кітап арқылы және жаңа ақпараттар арқылы келетіндіктен, осы нәрселерден меңгеріп алу әр адамның өзінің қолында. жиған-терген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
| |||
|
Всего комментариев: 0 | |