09:32 Жадыда жүрсін жатталып... | |
Білгенге – маржан (жалғасы)
Қазақ елінің геральдикасының тарихы қашаннан бастау алды? Өз тіліміздегі «таңба» сөзі Түркі қағанатында дүниеге келген. Білімпаз Махмұд Қашқари өзінің әлемге әйгілі сөздігінде «таңба-ел билеушілердің ерекше белгілері» деген мағына береді.Бұл сөзді бергі он жетінші ғасырға дейін орыс князьдары да пайдаланған. Түркі халықтарының таңбалары туралы деректер V ғасырдан белгілі екендігі көрсетілген. Қазақ руларының таңбалары осы күнге дейін сақталған. Таңба белгілер көне ақшаларымызда да көрініс тапқан. Сонау VІ-VІІІ ғасырларда-ақ ру-ұлыс нышандары айшықталған металл теңгелер шығарылған. Отырар, Тараз қалаларындағы металл теңгелер шығарған ұстаханалар туралы деректер өте мол. Тік сыңар сызық-қаңлылардың, тік қос сызық немесе қос әліп-қыпшақтардың, сүйір немесе тік қосылған сызықтар-керейлердің, бұрыш бейнелі белгі-наймандардың, дөңгелек-дулаттардың, қос дөңгелек көз-арғындардың, босаға бейнесі-қоңыраттардың, садақ бейнесі-адайлардың, құлақты дөңгелек-албандардың т.б. ру-тайпалық белгілері болған. Қазақстан жерінде қолданылған қандай елтаңбалардың түрлерін білесің? Елтаңбалардың дамуы, жетілуі, әртүрлілігі кезеңдерге байланысты. Елтаңбалар 6 түрге, яғни 6 деңгейге бөлінеді. Алғашқы әлеуметтік, рәміздік (рулық таңбалар), мөрлер, әулеттік, қалалар мен аумақтық және ресми бекітілген мемлекеттік елтаңбалар. Кеңес Үкіметі тұсындағы Қазақстан елтаңбасы туралы не білесің? Жетпіс жылдан астам уақыт бойы желбіреген қызыл тудың мемлекеттік нышанға айналуы ресми түрде 1918 жылдары қабылданған. Бидай масақтарымен көмкерілген орақ-балғалы қызыл жұлдызды Қазақстанның елтаңбасы пайда болған. Онда қазақша жазылып, орыс тіліндегі нұсқаларын қайталаған «Барлық елдердің пролетарлары, бірігіңдер!». «ҚКСР» деген қазақша қарыптардан басқа, республика ерекшелігіне мегзейтін ешқандай белгі болмаған. Елтаңба құрылымы неден тұрады? Елтаңба негізінен жайма тақта (қалқан) және оның айналасындағы кескін, бейнелеулерден тұрады.Елтаңбаның негізі батырлардың қалқандарының көшірмесі ретінде ашылған. (жалғасы бар) жиған-терген ШАҺМАНТЕГІ-ИБРАҺИМ Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ http://www.shakhibbeker.ucoz.kz
| |
|
Всего комментариев: 0 | |