09:57
Жаңа онжылдықтың жаңа мүмкіндіктері
БІЛІМДЕНУДЕГІ ИННОВАЦИЯ
ХХІ ғасырда қоғам мен мемлекет дамуының ең басты тетігі білім болып табылатыны әлдеқашан мойындалды, оған ғасырлар тоғысында білімді халықаралық деңгейде дамытудың бағыттарына арналған өзгерістер, үрдістердің қарқынды сипатта дамуы тайға таңба басқандай дәлел де. Асылында, инновациялық білім берудің нәтижесінде оқыту мен тәрбиелеудің соңғы тың һәм соны әдіс-тәсілдерін, инновациялық педагогикалық технологияны уақытпен ілесе меңгерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы толығымен қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті һәм нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог, зерттеуші жаңашыл мұғалім болып шығады. Жалпы орта мектеп мұғалімдерінің инновациялық даярлығын қалыптастыру оларға жүйелі инновациялық білім беру арқылы жүзеге асады. Бірінші кезеңде мұғалімнің инновациялық білімді қайдан, қандай көлемде алатындығы айқындалады, қойылған мәселе шешіледі, оны шешудің тиімді жолдары қарастырылады. Мұғалімдердің кәсіби білімдерін ұдайы жетілдіруді, жаңартуды қажет ететіндіктен, екінші кезеңде мектеп мұғалімдерін инновациялық дайындау мазмұны анықталады. Инновациялық білімді меңгерген мұғалім өзінің теориялық алған білімін өз іс-тәжірибесіне енгізуге алғашқы қадамын жасауы тиіс. Бұл мәселе мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастырудың үшінші кезеңде шешімін табады. Төртінші кезеңде мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастырудағы педагогикалық инновация мен инновациялық іс-тәжірибенің мазмұны ашылады. Бесінші кезеңде мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыру бағытындағы инновациялық авторлық курстар, педагогикалық оқулар мен форумдар, арнайы семинар, теориялық-тәжірибелік ғылыми конференциялар, педагогикалық тренингтердің мазмұны сараланады және жүзеге асырылады. Алтыншы кезеңде мұғалімнің инновациялық технологияны меңгеруі бойынша әдістемелік жұмыстар жаңа бағытта жүргізіледі. Жетінші кезеңде мұғалімнің инновациялық технологияны оқу-тәрбие үрдісіне енгізу бойынша инновациялық-технологиялық жұмыстардың мазмұны айқындалады. Сегізінші кезеңде мұғалімнің инновациялық технологияны әдістемелік жетілдіруі бойынша шығармашылық ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағыты анықталады. Тоғызыншы кезеңде инновациялық біліммен қаруланған, инновациялық технологияның ерекшеліктерін диагностикалық саралаған, өз мектебі мен өз сыныбы я сыныптары жағдайында өзгертулер енгізе алатын, жоғары нәтижеге қол жеткізетін қазіргі заманғы педагогикалық технологияны оқу-тәрбие үрдісіне енгізуге мұғалім даяр болады. Мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыру жүйесін және кезеңдерін жүзеге асыру үшін ғылыми-зерттеу зертханасы қажеттігі туындайды. Ондағы мақсат – болашақ мұғалімдер мен жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдеріне инновациялық білім беру, олардың инновациялық технологияны меңгеруіне және оқу-тәрбие үрдісіне енгізуге қолайлы жағдайлар тудыру, мектеп мұғалімдері мен ғалым-педагогтердің бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарына жол ашу, инновациялық іс-тәжірибені үйрену, зерттеу және тарату. Педагогикалық технологиялар мен озық іс-тәжірибелер зертханасының міндеттеріне мыналар саяды: [ Жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерін, басшыларын инновациялық дайындықтан өткізу; [ Облыс, республика, ТМД, шетелдік инновациялық іс-тәжірибені оқып-үйрену, зерттеу, талдау, насихаттау, тарату, пайдалану; [ Оқу-тәрбие үрдісіне инновациялық технологияларды енгізу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу; [ Жаңашыл мұғалімдер мен ғалым-педагогтердің бірлесіп жазған инновациялық оқу-әдістемелік кешендерін даярлау. Өскелең ұрпақты оқыту жолында аянбай жүрген мұғалімдерге инновациялық білім берудің міндеті – оларды ізденімпаз жаңашыл ұстаз етіп даярлау, күнделікті білім мен біліктілігін көтеру, өз ісіне шығармашылықпен қарау, меңгерген инновациялық технологияны өз мектебі мен оқытатын сыныптарының ерекшеліктерін ескере отырып түрлендіре алу, шағын өзгерістер кіргізе білу, өз ісіне сыни-саралау көзқараспен қарау, жеткен жетістіктері мен жіберген кемшіліктеріне педагогикалық сараптама жасай алу, өзінің төл технологиясын өмірге әкелу, оны әдіснамалық тұрғыдан негіздеу һәм тұрақтату, ұдайы әдістемелік жетілдіріп отыру.
әзірлеген ШАҺМАНТЕГІ-ИБРАҺИМ Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Бесқарағай ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы
Просмотров: 1414 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: