14:54
Жаңартылған бағдарлама курстары. Павлодар. НЗМ. 27/06 – 22/07/2016

САҒЫНЫШТЫ ЖҮЗДЕР

 

Самалы ескен Сарыарқаның төріне,

Павлодардың Назарбаев мектебіне,

Оқу қуған мұғалімдер ағылды,

Алыс-жақын аудан-ауыл жерінен.

 

Қарсы алды ұстаздарды Айгүл ұстаз,

Ақылына көркі сай және де жас.

Отыз жанды бауырына басты бірден,

Аялаған жан-жүрегі бейне бір жаз.

 

Арамызда арманы көп сұлу Айжан,

Өзіңізді бек сыйлайды бірталай жан.

Алған білік кәдеңізге жарай берсін,

Соңыңыздан мықты шәкірт қалмай ерсін.

 

Келгеннен-ақ Айгерім көзге түсті,

Жігерімен тыңдырды талай істі.

Ең алдымен ватсапта топты құрды,

Айға жуық сол топта өмір сүрдік.

 

Әрі ойлы, әрі бойшаң Зәмзагүл,

Сабақ үстінде ойқастаған бейне дүлдүл.

Әрбір топта белсенді ғой, белсенді,

Бал жүзің жадырасын әсте гүл-гүл.

 

Гүлмира қозыдайын моп-момақан,

Білімімен болашаққа жолың ашқан.

Мінезі де жаз күніндей құбылмалы,

Күлімдеген жүзімен нұр шашқан.

 

Еліктің лағындай нәзік Айнұр,

Алысқа шабады ол, қара да тұр.

Өз пікірін өткізеді әрбіріне,

Әрбір ісің жеткізеді жеріне.

 

Танагүл – ақылды келін-ана-әже,

Тал шыбықтай қыз еді ғой күні кеше.

Ұстаздықтың жілігін шағып, майын ішкен,

Білікті шеберлікпен биікке жеткен.

 

Тілектестің жөні де бөлек, орны да бөлек,

Бір өзіне жарасады тартымды көйлек.

Әрбір топта талабымен дараланар,

Үш айлықты меңгерген, сондай сирек.

 

Үмітжан ғой бетегеден аласа,

Жауабы дайын, патша көңілі қаласа.

Ұяңдығы жарасады жүзіне,

Үкілі үміт сәулеленер көзінде.

 

Ақ сиса, қызыл сиса, сиса-сиса,

Арманда жырлап еді Жаяу Мұса.

Бірде – ақ, бірде – қызыл, қыпша белді,

Талабымен тартымды ғой сұлу Ғазиза.

 

Сонадайдан наздана менмұндалар,

Железинка еркесіндей нәзік Шынар.

Қиғаш біткен қас-қабағын қағып қойып,

Іскерлікпен талай істі тыңдырар.

 

Айнагүл баурап алар болмысымен,

Көзге түсер жүрісімен, тұрысымен.

Әрбір топты шеберлікпен басқарады,

Баға жетпес қымбат екен сонысымен.

 

Қылығымен сүйкімді ғой біздің Марал,

Дауысымен орны бөлек жұмақ арал.

Талабымен тақта алдын босатпайды,

Шынымен де еркелеген бейне марал.

 

Ажарымен жаймашуақ жадырайтын,

Жадыра ғой – әрбіріміз бек сыйлайтын.

Әуелден-ақ болды ғой топ басшысы,

Шырылдаса, әрбірімізді ойнай қинайтын.

 

Насихаттың жүзінде жаз аңқиды,

Мөлдіреген жанарында құс қалқиды.

Тақта алдында тәптіштеп сөйлегенде,

Тыңдаушының жан-жүрегі жай толқиды.

 

Гүлмира ғой ұяңдана жай жымияр,

Наз ұяңнан есалаңдар дереу бой жияр.

Өз пікірін ортаға ол салады,

Ұқпағандар шаң қауып қалады.

 

Айгерімге сәнді шашы жарасады,

Болмысымен, бітімімен ұласады.

Пырақтана жігерленген жастығымен,

Асу-белес, биіктерден әлі асады.

 

Железинка елінен келген әсем Алтын,

Іскерлігімен баға жетпес, бейне алтын.

Сәл қаталдық болмысына жарасатын,

Көпшіліктің пікірімен санасатын.

 

Көңіл-күйі таң-тамаша Бақытжан,

Бұл жалғанда жоқ қой, жоқ өзіңдей жан.

Үш айлықты тәмамдадың ойдағыдай,

Өзіңді өбеп арайлансын әрбір таң.

 

Қылығымен сұлу Әлия баурайтын,

Жалғыз өзі Айгүлдің көңілін аулайтын.

Белсенділік танытады қыр-қырынан,

Топ намысын болмай-болмай қорғайтын.

 

Әрі Светлана, әрі Сәуле есімі бар,

Іскерлігін, болмысын қылайық жар.

Топ ішінде белсенділік ұйытқысы,

Болашақта ынтасымен биікке самғар.

 

Көрікті Анар іскерлігімен де көрікті,

Осы курста қажырымен адал тер төкті.

Өзінен үлгі алатын шәкірттері,

Келешекте әр салада болсын текті.

 

Қыр-қырынан жұпар аңқыған Роза-Раушан,

Айналасы қош көретін бірегей жан.

Іскерлігі алға қарай ілгерілеген,

Бас бәйгені әлі ешкімге бермеген.

 

Әрбір топтың пікіріне қосылатын,

Арамыздағы Гүлнардың мінезі алтын.

Қызуқанды талқыға түскен біздерді,

Жанға жайлы дауысымен аялайтын.

 

Өз пікірін білдіртпей-ақ өткізеді,

Тал шыбықтай Бибігүлді кім біледі?!

Мөлдір тұнған жанарымен бір қараса,

Ызыңдаған масалар да қөңіл бөледі.

 

Асыл тастай жалт-жұлт еткен,

Жемчужина-Меруерт ғажап неткен!

Жанға жайлы тамаша мінезімен,

Беделі де, болмысы да алыс кеткен.

 

Нұрға толы ажарымен сымбатты,

Ойға толы жанарымен қымбатты.

Қайталанбас Рәзияның іскерлігі,

Әрбір топты мейілінше сусындатты.

 

Көрген бойда «деловая» атанған сұлу,

Ақын Мағжан өбеген Гүлсім сұлу.

Әмбебапты әрлігімен әсемденген,

Айдында сұңқылдаған бейне аққу.

 

Біздің Мұрат – жігіттердің төресі,

Іскерлігімен алыс кеткен өресі.

Оқуда да мектебін ойлап, мазаланды,

Тақта алдында тамсандырды талай жанды.

 

Бұл оқуда асығы алшысынан түсті,

Біздің Әділ қыр-қырынан мықты, күшті.

Үш айлықтың арғымағын тақымдаған,

Жайлылығымен тындырды талай істі.

 

Айға жуық бізге сабақ үйреткен,

Халімізді қамдаумен жүгірген,

Нұрлан мырза, Айгүл ханым,

Артық туған Ардақ мырза,

Отызымыздан РАҚМЕТ ҮЛКЕН!!!

                     

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Бесқарағай ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы

Просмотров: 832 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: