13:42 Уақытыңды басқар | |||
ТҮНГІ УАҚЫТТЫҢ ЖОСПАРЫ Риуаяттар Алла елшісінің түнгі уақытын үшке бөлгендігін көрсетеді: бір бөлігі – Аллаға, бір бөлігі – отбасына, бір бөлігі – өзіне арналады. Өзіне арнаған бөлімін халыққа арнап, олармен кездесетін болған. Күн батқан соң Алла Елшісі (с.а.с.) сол күнгі бітпеген істерін тоқтатып қоятын болған. Алайда бұл оның толықтай демалуға кетіп қалатындығын білдірмейді. Себебі кейбір кездесулері ақшам намазынан кейін де орын алатын болған. Қағида бойынша, құптан намазынан кейін әңгімені ұнатпайтын. Айша анамыз (р.а.) Алла елшісінің түннің алғашқы бөлігінде ұйықтап, соңғы бөлігінде ұйықтап, соңғы бөлігінде тұрып ғибадат ететіндігін жеткізеді. Тек кейбір уақыттарда жоспардан тыс жағдайлар орын алғанда түннің ортасына дейін ояу болып, кеңес құрып, мәселелерді ақылдасатын кездері де кездескен. Бұған дейін де айтып өткеніміздей, Алла Елшісі (с.а.с.) түнгі ғибадатты өз өмірінің ажырамас бөлігіне айналдырған. Күнделікті түннің таңға жақын бөлігінде, яғни екінші жартысынан кейін оянып, ғибадатын атқаратын. Дәл осы уақытты неліктен таңдайтынын «Алла Тағала түннің үштен бірінде дүние аспанына түсіп: «Тәубе еткен бар ма? Тәубесін қабыл алайын. Кешірім тілеген бар ма? Кешірейін. Дұға етуші бар ма? Дұғасын қабыл алайын» деп таңа шапағы атқанша күтеді» дегенімен түсіндіретін. жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
| |||
|
Всего комментариев: 0 | |