16:21
Уақытыңды басқар

АПТАЛЫҚ УАҚЫТ

Ибн Аббас (р.а.) жеткізген бір риуаятта аптаның әр күнінде атқарылатын істер тізімі айтылады: «Жексенбі – егін егу және құрылыс бастау күні, дүйсенбі – жолаушылық күні, сейсенбі – қан алдыру күні, сәрсенбі – сыйлық қабыл ету және сыйлық сыйлау күні, бейсенбі – басшының құзырына бару күні, жұма  күні – неке қию және отбасы күні, сенбі – аңшылық күні».

Бұл риуаят әйгілі сахабаның сөзі болғанымен, ешқандай әмір ретінде рөл атқармайды. Сондықтан бұл риуаятты тура орындау қажет, аптаның әр күнінде сол істерді атқару керек деген үкім шығару қажет емес. тек қана мүмкіндігінше істерімізді аптаның күндеріне байланысты белгілі бір жоспарға сәйкестендіріп орындау қажеттігі қағидасын ұғынуға келеді. Себебі бұл қағиданың дұрыстығы жөнінде Пайғамбардан (с.а.с.) жеткен сенімді риуаяттар кездестіре аламыз. Мысалы, Алла Елшісінің  «Әр дүйсенбі күнін білімі алуға арнаңдар» дегені бар. Алла Елшісі (с.а.с.) жұма күнінің мейрам ретінде өткізу керектігін айтумен қоса, мұртты қысқарту, тырнақ алу, ғұсыл құйыну секілді тазалық істерін тұрақты түрде жұма күні орындап, мұсылмандарға да сол күнде атқаруды кеңес ететін.

Қан алдырып хижама жасатқысы келгендерге дүйсенбі, сейсенбі және бейсенбі күндері жасауын кеңес етіп, басқа күні жасаудан тыйған. Сонымен қатар қамари айдың 17, 19, 21-жұлдыздарында хижама жасауға кеңес бергені де бар.

Мұндағы ең маңызды жайт – осы хадистердің аясында әркім өз жағдайына қарай зиярат, сауда-саттық және жұмыс барысына байланысты істерін белгілі бір күндерге байланысты жоспарлап, ойына келгенде жұмыс істеп, қалаған уақытында қыдырып, жалқаулық танытудан бойын аулақ салып, уақытын барынша тиімді пайдалануға тырысу қажеттігі.

 
 
 

жиған-терген                 

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 162 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: