16:17
Уақытыңды басқар

ОТБАСЫНА АРНАЛҒАН УАҚЫТ

Бір сағат уақытыңды сатып алсам...

Әкесі жұмыстан келгенде есік алдынан 5 жасар ұлы қарсы алды. Дереу.

«Әке, сағатына қанша ақша табасыз?» - деп сұрайды. Өзі де шаршап келген әкесі ұлының сұрағына ашуланып:

«Онда шаруаң болмасын!» - деп жауап қайтарады. Ұлы берілмей:

«Айтыңызшы, білгім келеді», - деп қайта сұрағанда, әкесі ызаланып:

«Екі мың теңге! Ал не істейін деп едің!?» - дейді. Сонда ұлы:

«Маған бір мың теңге қарыз ақша бере тұрасыз ба?» - деп сұрайды. Әкесі одан әрі ашуланып:

«Сенің онсыз да толып жатқан ойыншықтарыңа беретін ақшам жоқ. Мазамды ала бермей, бөлмеңе бар», - дейді. Ұлы еш жауап қайтармай көзі жасаурап бөлмесіне кетеді.

Әке ашуы басылар емес, «Бес-ақ жаста бола тұрып ақша сұрауға қалайша дәті барады?!» деп қояды.

Бір сағат өтіп, ашуы басылғанда, ұлын босқа ренжіткенін, баланың ақшаны не үшін сұрағанын да білмейтінін ойлап, «Мүмкін шынында қажет болып тұрған шығар?» деп ұлының бөлмесіне кіреді. Төсекте жатқан ұлына жақындап:

«Ұйықтап жатырсың ба?» - деп сұрайды. Баланың:

«Жоқ», - дегені естіп:

«Сұраған мың теңгеңді ала ғой. Саған ұрсып тастағаным үшін ренжіме. Жұмыстан шаршап келген едім», - дейді. Ұлы төсегінен ұшып тұрып:

«Әке, рахмет!» - деп, әкесінің қолынан мың теңгені алып, жастықтың астынан мыжылған ақшаларды шығарады. Әкесіне жәутеңдеп қарап қойып, ақшаларды санай бастайды. Мұны көрген әкесі қайта ашуланады:

«Ақшаң бола тұрып неге менен сұрадың? Сенің балалық ойындарыңа уақытым жоқ!» - деп ұрыса бастайды. Сонда баласы:

«Иә, айдың басынан жинаған ақшам болды, бірақ олар жеткіліксіз еді», - дейді де, ақшалардың бәрін уыстап жинап әкесіне созады, «Міне, екі мың теңге... Әке, менімен әңгімелесуге бір сағат уақытыңызды сатып алсам бола ма?»...

 
 
 

жиған-терген                 

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 181 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: