11:38
Уақытыңды басқар

ОТБАСЫНА АРНАЛҒАН УАҚЫТ

Теледидар болғым келеді

Бірде мұғалім мектеп оқушыларына мынадай тақырыпта шығарма жазуды тапсырды: «Құдай тілектеріңді орындап жатса, кім болғыларың келер еді? Неге айналар едіңдер?». Үйге келіп, кешкісін шығармаларды қарауға кірісті.

Барлық шығармаларды алаңсыз қараумен болар ма еді, кенет қолына көңіл күйін бұзған бір шығарма іліне кетпегенде. Көңіл күйі нілдей бұзылды да, жылап оытырп қалды.

Артынша күйеуі келіп кірді, әйелі ебіл-дебілі шығып жылауда екен.

«Не болды?» - деп сұрады күйеуі.

«Оқышы», - деді ол, бір баланың шығармасын қол созып.

«Құдай Тағалам, мен Сенен бүгін ерекше тілектіөтініп көрмекпін: теледидарға айналдыршы. Мен оның орнына барып тұрсам деймін. Біздің үйдегі теледидардың ғұмырындай өмір сүргім келеді. Ерекше орынды иемденіп, отбасымды айнала жинап алғым келеді. Мен сөйлеген тұста сөзімді бөлместен және сұрақ қоймастан тыңдаулары үшін. Үнемі басты назарда болу үшін. Ол (теледидар) бұзылғанда қалай жұмыс жасаса, менімен де дәл солай жұмыс жасағанын қалаймын. Үйге кештетіп келген, тіпті, шаршап келгеніне қарамастан, әкеммен бір ортада болғанды тіледім. Менің шешем көңілін орнықтыру үшін алдыма келіп, мұңайған сәтінде менімен оңаша қалсын. Ара-тұра ата-анам барлығын бір шетке ысырып қойып, аз уақытқа болса да менімен бірге болсын дедім. Құдайым, көп нәрсені сұрамай-ақ қойдым... Маған тек кез келген теледидардың ғұмырындай өмір сыйлашы».

«Сұмдық-ай! Байғұс бала!» - деп күйеуі қатты дауыстар жіберді. «Қандай ғана ата-ана болды екен?!».

Ал әйелі болса, әлі де жылау үстінде былай деді: «Бұл шығарма біздің ұлдікі болатын...».

 
 
 

жиған-терген                 

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 193 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: