10:43 Уақытыңды басқар | |||
ОТБАСЫНА АРНАЛҒАН УАҚЫТ Кез келген қарым-қатынаста әрбір істің өз уақытында атқарылуы мен әрбір сөздің өз уақытында айтылуы аса маңызды. Айналаңыздағы жандармен қарым-қатынасыңызды реттеу – жеке істеріңізге уақыт арнаудың ең жақсы жолдарының бірі. Отбасымен және жақындармен қарым-қатынасыңызды жақсартудың тиімді жолдарының бірі өзіңізге «Алты ай ғана өмірім қалған болса не істер едім әрі уақытымды қалай өткізер едім?» деген сұрақ қойып көру. Бұл өте жақсы сұрақ. Өз әрекетіңізді қалай өзгертер едіңіз? Нені қосып, нені алып тастар едіңіз өміріңіздің соңғы алты айын қалай өткізер едіңіз? Мұндай жағдайда жауаптардың барлығы дерлік жақын жандарыңызға қатысты болады. Ренжіскен адамдармен татуласуға, өзіңізге қымбат жандармен көбірек уақыт өткізуге тырысасыз. Мұндағы маңызды ереже: сұраққа жауап іздегенде не істеймін деп шешсеңіз соны орындауға бірден кірісіңіз. Уақыт оздырмастан жақсылық жасап, ізгілікке бет бұруға тырысыңыз. Барлығы да кеш болуы мүмкін уақытты күтпеңіз. Себебі өміріңіз алты айдан да аз қалған болуы мүмкін. Біле алмайсыз! Бақытты өмірдің сыры отбасымен көбірек уақыт өткізуде жатыр. Бұл қалай болмақ? Үйде болған кезіңізде уақытыңыздың 100%-ын отбасыңызға арнаңыз. Теледидар мен компьютерді өшіріңіз. Смартфоныңызды алыстау жерге қойыңыз. Кітапты жауып, газетті бүктеп қойыңыз. Сізді алаңдататын барлық артық нәрседен құтылыңыз. Назарыңызды толықтай өз өміріңіздегі ең маңызды жандарға аударыңыз. Олардың жанында отырып, жүрек қағысын сезінуді ғана шынайы қарым-қатынас деп атауға болады. Өзіңізді толықтай жақындарыңызға арнап, олармен сөйлесіңіз, сөздерін мұқият тыңдаңыз, уайымдарын түсінуге тырысыңыз. Сізбен сөйлескісі келген жанды тыңдағанда басқа істерді доғарып, тек қана оның сөзіне құлақ салыңыз. Сол сәтте сіз үшін әлемдегі ең маңызды жанның сол екенін көрсетіңіз. Адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатуға қажетті ең негізгі сипат – адамдарда сенім мен құрметті оята білу. Айналаңыздағы жандар сізге сеніп, құрметтей алса, олармен қарым-қатынаста ешқандай мәселе туындамайды. Ал егер сенім мен құрметтен айырылып қалсаңыз, қарым-қатынасыңыз да құрдымға кетті дей беріңіз. Бұл бар болғаны уақыттың еншісіндегі жайт. Назар аударуымыз қажетті қағида: сіз адамды тыңдай білсеңіз, сізге сенім артатын болады. Сұхбаттасыңызды тыңдай білуіңіз бен араңызда жақын әрі сенімді қарым-қатынас орнауының арасында тікелей байланыс бар. Өзінің «Достардың көңілін жаулау және адамдарға әсер ете білу» атты кітабында Дейл карнеги былай жазады: «Адамның табиғи қажеттіліктері мен қалауларының бірі – өзінің маңыздылығын сезіну». Әйеліңе берген уәдесі... Әлемге әйгілі Брайан трейсидің семинарларының бірінде қатысушылардың бірі өзінің қызықты оқиғасымен бөліскен. Үйленгенде әйеліне күнделікті кешкі сағат 6-да үйге келетіндігіне және онымен бірге кемінде екі сағат уақыт өткізетіндігіне уәде берген. Кейіннен балалары болған кезде отбасына арналған уақыты үш сағатқа дейін артқан. Демалыс күндері одан да көп уақытын бөлген. Табысты кәсіпкер қызмет бабымен басқа жақтарға кетуге тура келгенде күнделікті уақытты санап, сағат сандарын қосып, үйіне оралған кезінде сол уақытын отбасына арнап отырған. Қызмет баспалдағының бастапқы кезеңдерінде берілген бұл уәдесі оның бүкіл өмірін өзгертеді. Сөзінде тұру үшін кәсіпкер барынша тиімді жұмыс атқарып әрі ең маңызды істермен шұғылдануды үйренеді. Жұмыс орнына біраз ертерек келіп, бар күш-жігерін салып жұмыс істеп, тірлігін уақытында бітіріп, тура сағат 18.00-де үйінде болатын. бұл кәсіпкер өз саласының білікті маманы әрі табысты жетекшісіне айналады. Ерен еңбегі үшін жалақысын арттырып, мансабын өсіре түседі. Уақыт өте келе бай адамдардың қатарынан табылады. Осылайша оның әйеліне берген уәдесі өміріндегі маңызды шешімдерінің біріне айналады. Сіз де солай жетістікке жете отырып, жан жарыңызға да тиісті уақыт бөле аласыз. Жұмыста өткізген сағат саны емес, уақытында атқарылған істің көлемі маңызды екендігін естен шығармаңыз. Ал өмірлік серігіңізге арнайтын уақыттың мөлшері қымбаттырақ. Әйеліңізге көңіл бөліп, дұрыс уақыт арнай біліңіз. Сонда әйеліңіз сіз оны үлде мен бүлдеге орамасаңыз да, сіздің жаныңызда өзін бақытты сезініп, сіздің де разы болуыңыз үшін аянбайтын болады. жиған-терген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
| |||
|
Всего комментариев: 0 | |