15:45 Уақытыңды басқар | |||
ӨМІРЛІК МАҚСАТ ҚОЮ «Сіз өміріңізді бағалайсыз ба? Олай болса, уақытыңызды босқа кетірмеңіз, себебі өмір уақыттан тұрады». Бенджамин Франклин Мұсылманмын деген жанның алға қойған үлкен мақсаттары болып, ол сол жолда тер төгуі тиіс. Мақсатынп жете алмаса да, еңбегінің сыйын Алла Тағала міндетті түрде береді. Қаншама жандар өмір садағының алтынға бергісіз құнды уақыт атты оқтарын бостан босқа ауаға атып, ысырап етуде. Дәл кішкентай баллардың ойыншыққа алданып, уақытын өткізуі секілді. Сондықтан да негізгі нәрсені шетке ысырып қойып, қиялдың соңынан қуалау – өмірді босқа кетіріп, құр алақан қалдырады және жүректі қараңғылық астына көміп тастайды. Америкалық танымал тайм-менеджмент сарапшысы Стивен Кови өмірге деген екі түрлі көзқарасты атап өтеді: Реактивті – айналада болып жатқан жайттарға тәуелді болып өмір сүру, былайша айтқанда «ағыспен жүре беру». Проактивті – өзінің қалауынша өмір сүру, болып жатқан оқиғаларға белсенді түрде атсалысу. Мұндай көзқараспен адам өз өмірін өзі ретке келтіре алумен қатар, әрбір әрекетіне жауапкершілікті өз мойнына алады. Адамның мақсаты мен міндетінің арасында төмендегідей айырмашылық бар: Мақсат – адамның өмірден алары, жетістікке жетіп бағындырар шыңы. Міндет – адамның өмірге берері, артынан қалдырар ізі. Стивен Ковидің “The seven habits of highly effective people” («Жоғары нәтижелі адамдардың жеті әдеті») кітабындағы екінші әдет – ең соңғы нүктеден бастап ойлану. Яғни, автор өзіңнің жаназаңды елестетіп көруге кеңес береді. Сен туралы адамдардың қандай ойда болғанын, артыңнан қандай пікірлер айтқанын қалайсың? Осы сен үшін өмірдегі ең маңызды жайт болып табылады. Осы арқылы күнделікті әрекетіңді жоспарлап, шешім қабылдағанда да осы жайтты негізге алып отыруың қажет. Солайша өзің үшін өмірлік мәні бар мақсатына қарай жол тартқан боласың. жиған-терген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
| |||
|
Всего комментариев: 0 | |