21:29
Уақытыңды басқар

АДАМНЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ мен ӨМІРІНІҢ КЕЗЕҢДЕРІ        

Адам баласының ең лағашқы асы ана сүті берілмей тұрып, Пайғамбар (с.а.с.) сүннеті бойынша, өмірге іңгәлап келген сәбиге тахник жасалады, яғни құрманы ауызда жұмсартып, оның сөлін таңдайына жағып дәм таттырады. Ал сәбидің ана сүтін емуі Құранның көрсетуі бойынша екі жылға созылады. Құранда осылай уақыттың белгіленуінің өзі сәби үшін ана сүтінің қажеттілігімен қоса, оған бөлінген уақыттың да маңыздылығын көрсетуде.

Ары қарай сәбидің дүниеге келгеніне жеті күн толғада Алла Елшісінің «Әрбір сәби ақиқасымен тұсауланған. Жетінші күні оның атынан ақиқа құрбаны шалынып, шашы алындаы және аты қойылады» деген мына бір хадисіне орай шаралар жасалады. Баланың атын қойғанда нәрестеге ат қоятын адам баланың оң құлағына – азан, сол құлағына – қамат айтады, содан соң есімін үш рет қайталайды. Жаңа туған сәбидің үлпілдіек шашының атымен «ақиқа» деп аталған құрбанды перзент сыйлағаны үшін Аллаға шүкір ретінде шалады. Сәбидің шашын алып, алынған шаштың салмағына тең мөлшерде алтын не күміс садақа етіледі. Алла Елшісінің Хасан мен Хусейн туғаннан кейін жетінші күні немерелерін сүндетке отырғызғанын ескеріп, баланы сүндетке отырғызудың да ең абзал уақыты туғануна жеті күн болған кезең екендігін көре аламыз. Абдуллаһ ибн Аббастың риуаяты бойынша, жетінші күні қыз баланың құлағын тесудің де сүннет екенін білуге болады.

Орайы келгенде жетінші күні баланың шашын алуға байланысты бірнеше жыл бұрын Германияда болған оқиғаны айта кетейік.

Бір мұсылман отбасында кішкентай сәби дүниеге келді. Ата-анасы шамасы келгенше мұсылманша жөн-жоралғысын жасайды. Жеті күннен кейін баланың шашын алып, соның көлеміндей етіп садақа таратады. Содан бірнеше күн өткеннен кейін анасы баланың денсаулығын дәрігерге тексеруге алып барады. Баланы қарап жатқан дәрігер: «Баланың шашын өздеріңіз алдыңыздар ма? Әлде осылай туылды ма?» деп сұрайды таңқала. Сонда анасы: «Өзіміз алдық» деп жауап береді. Дәрігер өзінің таңқалуының себебін былай деп түсіндіреді: «Жақында дәрігерлер жаңадан туылған баланың шашын 40 күннің ішінде алатын болса, онда көру қабілеті жақсарып, шашы қатайып, ой-санасы кеңейетіндігін және басқа да пайдаларын анықтады. Ал шаш алуды жеті күн толғанда жасаса, онда әлгінде айтқан көрсеткіштер ең жоғары нәтижелерін береді. Бірақ бұл жаңалықтың ашылғанына 50 күндей болды. Әрі ешкімнің әлі хабары жоқ. Сіздер қайдан білесіздер?» деп сұрайды тағы да таңқалған күйде. Баланың анасы: «Бұны бізге Пайғамбарымыз Мұхаммед бұйырып кеткен. Мұсылмандарда бұл бала туылғанда жасалатын кәдімгі дәстүрлі әдеттердің бірі» дейді. Дәрігер әлі таңқалған түрін өзгертпей: «Ал сіздердің пайғамбарларыңыз қайдан білген?!» деп қайта сұрақ қояды. «Пайғамбарымыз осыдан 14 ғасыр бұрын өмір сүрген. Сол кезде айтқан сөзі бізге жетіп, біз оны күнделікті өмірімізде салт-дәстүр ретінде қалыптастырып, орындап жүреміз» дейді сәбидің анасы. Сонда дәрігер басын шайқап, аң-таң ақлған екен.

Міне, бұл оқиғадан осы секілді сүннет бойынша келген жоралғыларды дәл сүннетте айтылғандай түрде және уақытылы орындаудың қаншалықты маңызды екендігін аңғаруға болады. Әрбір іс-шараның ең абзал уақытын білдіріп кеткеніне қарап, адамның туылған сәтінен бастап уақытты жоспарлы қолданудың маңыздылығына көз жеткізе түсеміз.

Баланың сәби кезінде атқарылатын істерді сүннет бойынша атап өттік. Анасы баланың сәби кезеңінің соңына дейін толық емізуге тырысуы керек. Осы кезінен бастап балаға байланысты күн тәртібін үйренген жөн. Баланың ұйқысын қадағалауға, тұрақты түрде бірдей уақытта ұйықтатуға тырысқан жақсы. (жалғасы бар)

 
 
 

жиған-терген                 

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 180 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: