17:16
Уақытыңды басқар

ДҰРЫС ОЯНУҒА АРНАЛҒАН ҚОСЫМША КЕҢЕСТЕР

Адамдардың көпшілігі таңғы ұйқының тәтті шырынын бұзғысы келмей жата тұрғанды жөн көреді. «Тағы бір бес минут, тағы бір он минут» деп ұйқысын соза береді. Ақыры, мең-зең боп, бәрібір ұйқысы қанбай, ұйысып тұрады. Сөйтсе, көп адам осылайша денсаулығына дерт жамап алатын көрінеді.

Сенесіз бе, адам өз еркімен, табиғи түрде оянар кезде ағзасы бір сағат бұрын дайындала бастайды екен: дене қызуы көтеріліп, қалың ұйқының құшағынан ажырай бастайды. Бұған қоса, күні бойы сергек жүруіңізге көмектесетін ағзаңыздағы домафин белсенділік танытып, «іске қосылады».

Оятқышын қайта-қайта кейінге ысыра берген адамда бұл процесс үзіліп-үзіліп, табиғи ырғақ бұзылатын көрінеді. Ұйқыдан кеш тұрған адамның мең-зең болып, ашушаң келетіні осыдан. Мұның сыры – қайта жастыққа бас қойған адам ағзасы қалың ұқйының құшағына шым батуға тырысады екен. Сол себепті, ғалымдар ерте тұрудың пайдалы екенін айтып отыр. Бір оянып, бір ұйықтап, өң мен түстің арасында жатқан адам төсектен тұрғанда тез шаршап, тез шалдығатын көрінеді. Таңғы ұйқыдан оятқыштың уақыт аралығын 10 минутқа қойып, үш мәрте оянып, қайта ұйқыға кеткеннің орнына тастай қатып, жарты сағат ұйықтағаныңыз денсаулығыңызға пайдалы.

Ғалымдар бұдан құтылу үшін кестеден ауытқымай, уақытында жатып, уақытында ұйқыдан тұруға кеңес береді. Бір уақытта жастыққа бас қойып, бір уақытта оянған адам өзін әлдеқайда сергек сезінеді. Тек ерік-жігеріңізді жанып, өз-өзіңізді қолға алып, ынта танытсаңыз болды: ағзаңыз сонда ғана белгілі бір уақытқа бейімделіп, әдетінен жаңылмайтын болады. Уақыт жағынан ұтып қана қоймай, күш-қуатыңыз артады.

Таңғы намазын ұдайы оқып, құлшылығын қаза қылмаған мұсылмандар жүрек ауруынан аман болады әрі ұмытшақтық секілді дертке де бой алдырмайтын көрінеді. Ғалымдардың тұжырымы осындай.

Иорданиядағы Кардиологтар қауымдастығы қан-тамыр ауруларының басты себептерінің біріне ұзақ ұйқыны (сегіз сағаттан көп) жатқызып отыр. Ұзақ ұйықтаған адамның жүрек қағысының жиілігі минутына 50 қағысқа дейін төмендейді екен. Ал бұл өз кезегінде қан айналымына кедергі келтіріп, жүрек бұлшық етінің әлсіреуіне алып келеді. Нәтижесінде адамның инфаркт немесе инсульт алу қатері жоғарылайды.

Бұған жол бермес үшін, ғалымдардың пікірі бойынша адам аз уақытқа ұйқысын қиып, жиі оянғаны жөн. Төрт сағаттық ұйқыдан кейін кем дегенде 15 минутқа ұйқыдан тұрып, лажы болса, қандай да бір дене қозғалысын жасағаны дұрыс. Алла Елшісінің сүннеті бойынша түнгі тәһәжжуд намазы немесе парыз болған таң намазына тұруымыз Иорданиялық ғалымдардың осы кеңесіне дәлме-дәл сәйкес келеді. Алла Тағала бізге өмірде ауру мен бақытсыздықты бодырмаудың жолдарын көрсетіп, пендесіне тиімді мүмкіндіктер берген.

Бірде бір ғалым кісі ерте жастан ұлына Құран Кәрімді оқып үйретіп, бір күні ұлынан: «Құрандағы «Кәһф» сүресінің құпиясын білгің келе ме? - деп сұрайды. - Бұл сүренің 107-110-аяттарының мәнін түсінуің қажет, сонда күн сайын таңертең азан үнін естіп, сергек оянатын боласың. Бұл үшін бір шартты орындауың қажет. Ол – ұйықтар алдында көзіңді жұмып, аталған аяттарды жадыңа сақтап, қайталауың шарт». Жас жігіт әкесінің өсиеті бойынша күнделікті қоңыраудың дауысын естігенде тез арада таңғы намазға оянатын болады.

Сонымен қатар көптеген ғалымдардың өмірлерінде қолданып, «оқыған кезде қаншалықты кеш ұйықтасам да, түнгі намазға сергек ояна алуыма көмектесетін» деген төмендегідей дұға бар: «Аллаһуммә әйқизни фи әхаббил ауқат, уәстә’милни би әхсәнил амал» (Уа, Алла, мені өзіңе ең ұнамды уақытта оят, Саған ең ұнамды амалдарды жасауымды нәсіп ет).

Бұл ретте ұйқы алдында Ұлы Жаратушыны еске алып, дұға, зікірлерді қайталаудың маңызы орасан зор екендігін ескеруіміз қажет. Себебі Алла Елшісі (с.а.с.) «Алланы еске алмай ұйықтаған адамды Алла жазалуы мүмкін» деген болатын. Осы себепті түннің бір уағына дейін компьютерде не телефонда отырып, болмаса кітап оқып, яки бос әңгімемен уақыт өткізуге болмайтынын есте ұстағанымыз жөн. Күнделікті ерте жатуға дағдыланбасаңыз, ағзаңыз шаршап, қалпына келе алмай, келесі күнге жеткілікті күш-қуатты жинай алмайтынымыз анық.

Ұйқы – жартылай өлім. Кім өмірінің көп бөлігін «өлі» күйде өткізуге разы болар?

 
 
 

жиған-терген                 

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 184 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: