20:46 Уақытыңды басқар | |||
ҚАНША УАҚЫТ ҰЙЫҚТАУ КЕРЕК? Бұл сұраққа Құран Кәрімде де, хадисте де нақты әмірлер мен кеңестер табу мүмкін емес. Бүгінгі медицина ғылымдары ең азы бес сағат, ең көбі сегіз сағат арасында ұйықтаған жөн екендігін айтады. Алайда нақты мөлшерін белгілеп беруден тартынады. Себебі бұл адамның жасына, денсаулығына, қызметіне және әлеуметтік жағдайына байланысты. Бірқатар зерттеулердің нәтижесінде адамның тамақтану тәртібі мен ұйқы мөлшері арасында тікелей байланыс бар екендігін алға тартады. Көп тамақ жеген көп ұйықтау қажеттілігін сезінеді. Алайда екеуі де адамға айтарлықтай зиянын тигізері сөзсіз. Күннің ыстық болуы мен ауа райының өзгеруі ұйқы мөлшеріне әсер ететіндігі секілді, адамның қалыптасқан әдеті мен ерік-жігері демалуға арналған уақыттың азайып-көбеюіне өз әсерін тигізеді. жиған-терген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |||
|
Всего комментариев: 0 | |