15:31 Уақытыңды басқар | |||
ТҮНГІ ҚҰЛШЫЛЫҚ Бірқатар аяттарда білдірілгендей, түнгі құлшылықты Алла елшісі (с.а.с.) парыз ретінде қабылдаған. Алланың әмірін тура бұйырылғандай орындаған. Көптеген мұсылмандар Пайғамбарының (с.а.с.) ізінен ерген. Тіпті аятта айтылған уақытқа сәйкес келмей қалу қаупінен түнді толықтай құлшылықпен өткізетіндер де кездескен. Бұдан олардың көбінің аяқтары ісіп кететін болған. Сүренің басында келген бұл әмірді Алла Елшісі (с.а.с.) мен басқа мұсылмандар қалай түсінгенін және қалай орындағанын баяндайтын әрі мәселені жан-жақты түсіндіретін келесі бір аятқа назар аударайық: «Раббың кейде түннің үштен екісіне жуығын, кейде тең жарымын, кей кездері үштен бір бөлігін құлшылықпен өткізетініңді, сондай-ақ қасыңдағы кейбір мүміндердің де солай істейтінін, сөзсіз, біледі. Түн мен күнді жаратып, екеуінің мерзімін белгілейтін бір Алла. (Уа, мүміндер!) Алла, сендердің түнгі құлшылықты Құраннан өздеріңе жеңіл тиетіндей мөлшерде оқып өтеңдер. Араларыңда науқастардың болатынын, кейбіреулеріңнің Алланың шексіз шарапатынан несібе іздеп, жер-әлемді шарлайтынын, ендібіреулердің Алла жолында жаугершілікке шығып, бел шешпей жортуылдап жүретінін Алла біледі. Ендеше, Құраннан өздеріңе жеңіл тиетіндей мөлшерде оқыңдар. Алайда қандай жағдайда болмасын, намазды кемеліне келтіріп, үзбей әрі уақытылы оқыңдар. Зекетті толық беріңдер, сонымен қатар, (мал-дүниелеріңнің бір бөлігін Алла разылығы үшін дін жолында және мұқтаждарға жұмсау арқылы) Аллаға көркем қарыз беріңдер». Риуаяттарға қарағанда, мына ең соңғы келтірілген аят сүренің басындағы түнгі құлшылықты әмір еткен аяттардан кейін 8 айдан 10 жылға дейінгі аралықтағы юіршама уақыт өткен соң түскен. Мұнда түнгі құлшылық мәселесінде бірқатар жеңілдіктер берілген. Әсіресе, аурулар, адал ризық-несібе іздеп жұмыс істейтіндер, жиһадқа шыққандар секілді себепті жандар түнгі құлшылықтан (тәһәжжуд намазы) босатылуда. Ғалымдардың аятқа қатысты түсіндірмелеріне қысқаша тоқтала кетпекпіз:
жиған-терген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
| |||
|
Всего комментариев: 0 | |