19:40 Уақытыңды басқар | |||
НАМАЗДЫҢ МӘКРҮҺ УАҚЫТТАРЫ Парыз намаздар үшін мұстахап уақыттар болғанындай, жалпы намаз оқудың мәкрүһ уақыттары да бар. Бұлар екіге бөлінеді. Біреуінде ешқандай намаз оқуға болмайды. Екіншісі – нәпіл намаз оқуға болмайтын, бірақ қаза намаз болатын уақыт. Ешбір намаз оқылмайтын үш уақыт бар:
Бұл үш уақытта ешқандай қаза намазы да, жаназа намазы да оқылмайды. Бұл уақыттарда тиләуаи сәждеі де жасалмайды. Тиләуат сәждесін жасай қалған күнде де, оны кейіннен қайтадан өтеу қажет. Нәпіл намаз оқылса, оны кейіннен өтеуге тиіс емес. Ол мәкрүһ ретінде іске асады. Бірақ кейіннен қазасын өтеу – абзал. Бұл уақытта намаз оқуға салынған тыйым күнге табынғандарға ұқсамау үшін айтылған. Бұл үш уақыт жайы Уқба ибн Амир әл-Жуһәни (р.а.) былай дейді: «Алла Елшісі үш уақытта бізге намаз оқу мен өлілерімізді жерлеуімізге тыйым салды: Күн шығып көтерілгенге дейін, күн дә тас төбеге шығып, төмен түсе бастағанға дейін және күн батуға бет алған уақытта». жиған-терген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |||
|
Всего комментариев: 0 | |