09:58
Уақытыңды басқар

НАМАЗ УАҚЫТТАРЫНЫҢ СЫРЫ

Екінті уақыты ажары қашқан сүреңсіз күз мезгілін, қалжыраған қарттықты, ақырзаманның жан түршіктірер сәттерін еске түсіреді. Сондай-ақ бір күнгі қауырт жұмыстың аяқталуға бет алған шағы болғандықтан күні бойғы өзіндегі сау-саламаттық, жақсы жұмыс істеуі үшін берілген денсаулық, қажыр-қайрат, күш секілді бір төбе болып жиналып қалған Жаратушының нәсіп еткен жақсылықтарын еске алар сәт. Күнбатысты ал қызыл түске бөлеп күннің бата бастауы да адамға ой салып, көп нәрсені ұқтыра түседі. Адам өзінің жай ғана қонақ екенін сезініп, барлық нәрсенің өткінші екеніне көз жеткізеді. Дәл осы сәт, мәңгілікті аңсайтын о баста да сол үшін жаратылған, жақсылыққа бас иіп, айырылысудан азап шегетін адамның рухы тазалықты қалап, екінті намазын оқуға ниет етеді. Алла Тағаланың иләһи құзырына шығып, ішкі тілеуін тілеп, дұғасын қайтарады. Алланың шексіз рақымдылығын пана көріп, есепсіз нәсіп еткен ризық-несібелері үшін шүкіршілік білдіріп, мақтау айтады. Жаратушының асқақ абыройы мен айбарының алдында асқан кішіпейілділікпен басын иіп рукуғқа барады. Оның құдайлығын жоғары санап, өзінің құл екенін еске алып тағы да барынша кішірейіп, қарапайымдылықпен сәждеге бас қояды. Сәждеге бас қоя отырып, адамның жаны шексіз рақатқа бөленеді. Екінті намазы иләһи құзырда берілер әмірге дайын, өзінің құл екендігін мойындаған адам кейпін елестетеді. Дәл осы уақытта екінті намазының атқарылуы қаншалықты орынды, қаншалықты керекті, қаншалықты жарасымды екені даусыз. Ол – жаратылыс міндеті. Аз ғана құлшылықпен үлкен бақытқа қол жеткізудің артықшылығын өзін адам санаған әркімнің-ақ ұғынары сөзсіз. (жалғасы бар)          

 
 
 

жиған-терген                 

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 253 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: