10:46 Уақытыңды басқар | |||
МҮБӘРАК КҮНДЕР мен ТҮНДЕР Айт күндері Алла Тағаланың мұсылмандар үшін мейрам етіп берген екі айт күндері бар. Бұл күндер – мейрам болумен қатар, ізгілік пен сауапты амал жасауға арналған құнды уақыттар. Алла Елшісі (с.а.с.) хадисте былай дейді: «Алла үшін күндердің ішіндегі ең абзалы – Құрбан айттың бірінші және екінші күні». Сонымен қатар бұл айт күндерінің түнінің де қасиеттілігін ерекшелеп атап өткен төмендегідей хадис бар: «Бес түн бар. Ол түндердегі оқылған дұғалар кері қайтарылмайды. (яғни қабыл болады). Олар: ережептің алғашқы жұма күні, шағбанның он бесінші түні, Жұма түні, Рамазан айтының түні, Құрбан айтының түні». Мұсылмандар айт күндеріне үлкен мән береді. Өйткені бұл күндер – күнәлар кешірілетін, бірлік пен ынтымақтастықсезімдері ұштасқан, қуаныш пен шаттық күндері. жиған-терген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
| |||
|
Всего комментариев: 0 | |