12:12 Уақытыңды басқар | |||
ТҮН БЕН ОНЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ Түн дегеніміз күннің батуынан бастап, таң алдындағы екінші шапақ атқан сәтке дейінгі кезең екендігі белгілі. Жалпы бір жыл бойынша есептегенде түннің уақыты күннің жартысына тең болады. Сондықтан түнгі уақытқа да бей-жай қарамай, барынша тиімді өткізу үшін оның да маңызын ұғынуға тырысып, оқып-біліп, зерттеулер жүргізіп, ретке келтіру қажет. Құран Кәрімде күндіз секілді түнді де бірнеше кезеңдерге бөліп қарастырған. Олардың әрбірі аяттарда бірнеше реттен аталып өтіледі: «Иша» (қараңғы болған уақыт) түбірінен 13 сөз, «асил» (кеш) сөзі 7 рет, «анәул-ләйл» (түнгі сәттер) тіркесі ләйл» (түнгі сәттер) тіркесі 3 рет, «ғурубуш-шәмс» (күннің батуы) тіркесі 2 рет, «ғасиқ» (қатты қараңғылық) тіркесі 1 рет, «ғасиқул-ләйл» (түннің алғашқы қараңғылығы) тіркесі 1 рет, «хинә тумсун» (кеш болғанда) тіркесі 1 рет, бұлардың барлығын қосқанда түннің кезеңдерін сипаттайтын сөздердің саны 28 болады. Мұны 92 рет кездескен «ләйл» сөзіне есептегенде барлығы 120 болмақ. Күндізгі уақыттардың да, түнгі уақыттардың да мұндай кезеңдерге бөлініп Құранда аталуы көбіне-көп намаз уақыттарын анықтап, түсіндіруді мақсат тұтқан. Тіпті күннің белгілі бір уақыттары күнделікті бес уақыт парыз намаздың уақыттарын білдіру арқылы сол намаздардың атаулары да оқылатын уақытының атауымен аталып кеткен. «Бұл дүние – мүміндердің базары. Күндіз бен түн – олардың саудаға салған қаражаттары, салиқалы амалдары – сауда тауарлары, саудада көзделген табыс – Жаннат, ал зияны – Жаһаннам». Әзірет Әбу Бәкір жиған-терген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
| |||
|
Всего комментариев: 0 | |