11:19
Уақытыңды басқар

КҮНДІЗ БЕН ОНЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ

Күннің жартысы саналған «күндіз» (нәһәр) сөзі 57, екінші жартысы болған «түн» (ләйл) сөзі 92 рет айтылады.

Күндіз бен түн сөздерінің қайталану санына қарағанда, айырмашылық көп болып көрінгенімен, күндіздің кезеңдерін сипатайтын сөздерді қоса есептегенде арадағы айырмашылық азая түседі. Оларды да жеке-жеке атап өтейік:

Күндіздің алғашқы кезеңі саналған таң уақытын білдіретін «субх» сөзі 7 рет, «ғудуу» 15 рет, «букра» сөзі 9 рет және «фәжр» сөзі 6 рет кездеседі. Күндіздің басқа да кезеңдерін білдіретін «духа» (сәске) сөзі 6 рет, «тулу уш-шәмс» (күннің шығуы) тіркесі 2 рет, «захира» (тал түс) сөзі 1 рет, «фәләқ» (таң) сөзі 1 рет, «тарафәйн-нәһәр» (күндіздің екі шегі) тіркесі 1 рет, «әтрафун-нәһәр» (күндізгі уақыттың тараптары) тіркесі 1 рет, «дулукуш-шәмс» (күннің батуға таяуы) тіркесі 1 рет өтеді. Бұлардың барлығын қосқанда 50-ді құрайды. 57 рет кездескен «нәһәр» сөзіне қоса есептегенде күндізгі уақытқа байланысты сөздердің саны барлығы 107 болмақ.  

 
 
 

жиған-терген                 

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 258 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: