15:56
Уақытыңды басқар

БІР КҮНДІК УАҚЫТТЫ КЕЗЕҢДЕРГЕ БӨЛУ

Құран Кәрімде уақытқа назарымызды аударғанда ең көп мән берілгені – күндізгі уақыт. Мұның екі түрлі жолын көре аламыз:

  1. «Күн» мағынасына келетін «йәум» сөзі ең көп қайталанған. Бұл сөз әр алуан түрлерінде (жекеше, екілік, көпше, белгілі, белгісіз) 475 рет кездеседі.
  2. Бір күннің өзі түн және күндіз болып екі бөлікке, одан соң олардың әрбірі бірнеше бөліктерге бөлініп, егжей-тегжейлі атап өтіледі. Бұл бөлімдер көптеп қайталанып, бір күннің әртүрлі кезеңдері мен олардың маңызы тұрғысында түсінік қалыптастырып, назарымызды аударады.

«Алла Тағаланың таңертеңгі ақылары бар, олар кешке қабылданбайды және кешкі ақылары бар, олар таңертең қабылданбайды. Парыз құлшылықтар орындалмастан бұрын қосымша амалдар қабылданбайды».

Әбу Бәкірдің Омарға айтқан өсиеті

Араб тілінде «ләйл» (түн) сөзі күннің батуынан бастап таң алдындағы екінші шапақ атқан сәтке дейінгі кезеңді сипаттайды. Ал басқа уақыттың барлығы «нәһәр» (күндіз) деп аталады.  

 
 
 

жиған-терген                 

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 266 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: