15:01 Уақытыңды басқар | |||
ҚҰРАНДА АТАЛҒАН УАҚЫТ ТҮРЛЕРІ Құранда ең көп «күн» сөзі кездеседі және уақыт ұғымынан пәк болған Алла Тағаланың құзырында да «күннің» бар екендігі айтылып өтіледі: «Раббыларыңның құзырындағы бір күн сендердің есептерің бойынша мың жыл сияқты». Осылайша сипаты мен ұзақтығында өте үлкен айырмашылық болса да, Алланың құзырында да «иләһи күннің» бар екендігіне назарымды аударуда. Иләһи күннің бар екендігінің нақты айтылуы «иләһи жыл» және «иләһи күнтізбе» де болатындығын ұғындырып тұрғандай. Құрандағы бұл ишара бізге күнтізбе мәселесінің маңыздылығын түсінуге септігін тигізбек. Ол жайында аяттар көптеп кездеседі және анық жазылған. Бұған дейін де атап өткендей, өткен дәуірлерді білдіретін «қарн», «қурун» (ғасыр, ғасырлар) сөздері 20 жерде кездесуімен қатар, 21 жерде «ай» (шәһр) сөзі, 30 жерде «жыл» сөзі (сәнә, ам, хижәж және хауләйн сөздері арқылы) өтеді. Секундтар, минуттар, сағаттар, күндер, айлар, маусымдар, жылдар және ғасырлардан тұратын уақыттың қалыпты бір жүйедегі айналымыбұл әлемнің аса білімді Жаратушы тарапынан жаратылғанын дәлелдесе керек. Төмендегі аятта бір жылда 12 айдың болатындығы айтылып, қамари (ай бойынша) жыл санауы негізге алыну қажеттілігі ескертілуде: «Алланың көктер мен жерді жаратқан күні жазған үкімі (орнатқан заңдылығы) бойынша айлардың саны – он екі, олардың төртеуі – харам айлар. Міне, ең дұрыс үкім, әрі мінсіз жүйе (есеп) – осы. Ендеше, бұл айларда (яғни, қасиетті айларды құрмет тұтпай немесе орнын ауыстыру арқылы) өз-өздеріңе қиянат жасамаңдар». Ал мына бір аятта күнтізбеде қамари санауды қолдану керектігімізді нақты бұйыруда: «(Уа, Мұхаммед!) Олар сенен жаңа туған айлар жайлы сұрайды. Сұраушыларға: «Олар адамдарға уақытты, сондай-ақ қажылықтың уақытын көрсетеді», - деп айт». жиған-терген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
| |||
|
Всего комментариев: 0 | |