19:44 Уақытыңды басқар | |||
ИСЛАМ ЖӘНЕ УАҚЫТ «Ғасырға (уақиғаларға толы заманға, әсіресе, ақырғы бөлігіне) серт! Шынында, адам баласы (уақытын пайдалану тұрғысынан) зиян ішінде». «Аср» сүресі, 1-2 аяттар Бүгінгі мұсылмандар көбін уақыт мәселесіне салғырт қарайтындығын көруге болады. Алайда алғашқы мұсылмандар дініміздің негізгі қайнар көздерінде келген уақыттың маңыздылығын көрсететін мәліметтерді толықтай ұғынғандықтан, уақыт мәселесіне асқан жауапкершілікпен қараған. Ислам әлемінің алғашқы тарихшыларының бірі Табаридің «Тарихул умәм уәл-мулук» атты танымал кітабында «Әл-Қаулу физ-заман мә \ууә» (Уақыттың не екендігіне түсініктеме) тақырыбында сексен беттік бір бөлім арналып, уақытқа қатысты зерттеуле жүргізілгені назар аудартайтын жайт. Құран Кәрімде уақыт мәселесіне назарымызды аудару үшін уақытты түсіндіретін әрі еске салатын жайттар алғашқы беттерінен соңғы беттеріне дейін жиі кездеседі, арасында әртүрлі уақытқа серт етілген аяттарды да көруге болады. Осы тақырыптағы аяттар мен хадистерді қатар қарастырғанда мына мәселеге көз жеткізе аламыз: Дініміздің негізгі екі қайнар көзі жылдық, айлық, апталық, тіпті күндік өмірімізді жоспарлауға байланысты көптеген егжей-тегжейлі жайттарды шебер баяндауда. Күніне оқылуы бұйырылған бес уақыт намаздың өзі уақытымызды жоспарлауды мақсат тұтуда. Олай болса, діннің әмірлерінің көбі адам баласына уақытын барынша тиімді пайдалануды үйретуде, тіпті негізгі мақсаты да сол деуге болатындай. жиған-терген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |||
|
Всего комментариев: 0 | |