12:46 Уақытыңды басқар | |||
ЖАЛҚАУЛЫҚ ТА УАҚЫТТЫ ӨЛТІРУШІ Уақытты босқа өткізетін, уақыттан ұтылдыратын себептердің бірі – жалқаулық. Жалқаулық – адамның алға ұмтылып, биік шыңдарды бағындыруына кедергі жасайтын кесел. Жалқаулық – тәнге рақат сыйлап, жанға жара салатын дерт. «Уа, Жаратқан Алла Тағалам! Қайғы-қасіреттен, уайым жеуден, дәрменсіздіктен, жалқаулықтан, қорқақтықтан, сараңдықтан, қарызға белшеден батудан және адамдардың зорлық-зомбылығынан Өзіңе сыйынамын». Пайғамбар дұғасы Сонымен қатар жалқаулық пен еріншектік – арлылық деген асыл қасиеттен жұрдай қылатын жаман әдет. Арлы адам – ешкімнен қол жайып ештеңені сұрамайтын, өзге біреудің көлеңкесінде өмір сүруді қаламайтын жан. Сонда бұл – жалқау адамда ұяттың, намыстың болмайтындығын аңғартса, хакім Абайдың 38-ші қара сөзі де: «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпаө керек: әуелі – надандық, екіншісі – еріншектік, үшінші – залымдық деп білесің. Еріншектік – күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік – бәрі осыдан шығады» деу арқылы осыны дәлелдеп тұр. «Диқаншы нанын жейді, еріншек арын жейді» деген нақыл да дәл айтылғандай. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының бұрынғылардың сөзін келтіре отырып айтқан сөзін келтіре отырып айтқан мына түсіндірмесінде жалқаулықтың зияны мен одан арылу жолдарын көре аламыз: «Кедейлік үш ағайынды болады: үлкені – кежірлік, ортаншысы – еріншектік, кенжесі – ұйқы. Кежірліктің тамыры желкеде болады. Кежір кісінің желкесінен тартып, қаңтарып қойған қырық қаңтаруы болады. Бірі жіберсе де, бірі жібермей, ішетұғын астан, алатұғын олжадан құр қалдырады. Жалқаулықтың тамыры жерге отырарлық дүнбенің алақан аясындай айналасында болады. Орнынан қозғалып тұрғысы келмейді, шайқалып отыра береді. Ұйқының тамыры шынтақта болады. Ұйқышы болатұғын қу шынтағын жерге тіреп жата береді. Тілалғыш, елгезек болып үйрен, кежірліктен құтыласың. Тіпті дәнеме қылмасаң да, жаяу аяңдап, олай-былай жүріп үйрен, жалқаулықтан құтыласың! Дүние-ақыреттің бірі болмаса, бірінің уайымын ойлап: «Қалай қыламын, қайтіп есебін табамын?!» - деген ойға түс, ұйқышылықтан құтыласың. Бұл үшеуінен құтылсаң, әр нәрсеге жетеді. Бұл үшеуі: бірі желкеңнен тартып, біреуі дүнбе құйрығының жерге қарай жабыстырып, бірі шынтағыңнан қисайта құлатып жібермей, табандап жатқан соң, қолың қайда жетсің?! Өзіңнен-өзің құйрығыңнан кейін қарай кетіп, қор боласың». Осылайша жалқаулық атты кесел адамды жұмысынан тежеп, істен алшақтатып, қол қусырып отырғызып, қарап жатқызып, қайран уақытын бос өткізеді. Сондықтан уақытты өлтіруші болған мұндай дерт пен дұшпаннан арылуға тырысу қажет. Жарым Кердең-кердең жүресің сен, не таптың? Мағжан Жұмабаев жиған-терген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
| |||
|
Всего комментариев: 0 | |