АДАМНЫҢ УАҚЫТЫНЫҢ БЕРЕКЕСІН ҚАШЫРАТЫН НЕГІЗГІ ЖЕТІ ФАКТОР
- Істі кейінге қалдыру
Бесінші уақыт ұрлаушы фактор – істі кейінге қалдыру әдеті. Бұл әдет адамның уақытын ғана емес, өмірін де ұрлайды. Одан құтылу сіздің бүкіл өміріңіздің өзгеруіне жағдай жасайды.
«Ең көп уақытты жоғалтатын бірден-бір жайт – іске бірден кіріспеу».
Доусон Тротмон
Бұл әдеттің тамырына балта шабатын жеті тәсіл бар:
- Қағазға жазып жоспар құрыңыз. Мұқият дайындалыңыз. Әрбір әрекетіңізді алдын-ала ойластырыңыз. Тапсырмаңызды әрбір қадамына дейін анықтап жоспарлаңыз.
- Жұмысқа кіріспес бұрын ьарлық қажетті құрал-жабдықтарыңызды сайлап алыңыз. Кейін алаңдамас үшін алдын-ала дайындап қойған жөн.
- Алғашқы қадамды бастаңыз. Көбіне алғашқы 20% әрекет жұмыстың нәтижесінің 80%-ына қол жеткізеді. Басын бастап алыңыз, ары қарай жалғастыру жеңіл болады.
- Алдағы тапсырмаңызды бөлімдерге бөліп алыңыз. Кейде ауқымды жұмысты бөлімдерге бөліп алып, аз-аздан орындап отырып алға жылжу ол тапсырманы аяқтаудың таптырмас жолы бола алады.
- Жұмыс уақытыңызда бес минуттық үзілістер арнап, ол сәттерде қысқа уақытта жасалатын істерңізді бітіріп алуға пайдаланыңыз. Солайша жалпы жұмысты жайлап бөліп-бөліп аяқтайтын боласыз.
- Жұмысты кейінге қалдыруға бейімділіктен арылу үшін алдымен жеңіл әрі көлемі шағын істерден бастаңыз. Бұл алғашқы қадам жасап алып, кейіннен қиынырақ істерге кірісуге мүмкіндік береді.
- Кей-кейде керісінше ең ауыр істен бастау да қажет болады. Ең көп уақыт алатын жұмысыңыздан бастап атқаруға өзіңізді көндіріңіз. Оны аяқтаған соң басқалары анағұрлым жеңіл болатындығына көзіңіз жетеді.
Бастау – істің жартысы.
(Грек мақалы)
жиған-терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
|