12:01 Уақытыңды басқар | |||
АДАМНЫҢ УАҚЫТЫНЫҢ БЕРЕКЕСІН ҚАШЫРАТЫН НЕГІЗГІ ЖЕТІ ФАКТОР
Ең жиі кездесетін уақытты жоғалтатын себептердің екіншісі – күтпеген қонақтар. Олар сіздің айтарлықтай уақытыңызды алуы мүмкін. Бұл қонақтар сіздің әріптестеріңіз не сырттан келген таныстарыңыз болуы мүмкін. Олар қалаған уақытында келіп, сіздің көңіліңізді жұмысыңыздан басқа жаққа бұрып әкетіп, ойлау жүйеңізді бұзып, жұмыс өнімділігіңізді төмендетеді. Кейде мұндай қонақтар сағаттап үзіліссіз әңгіме айтуы да мүмкін. «Ұрылардың ең зияндысы – уақытымызды ұрлаушылар. Себебі ұрының ұрлаған әрбір затын қайтаруға мүмкіндік бар, алайда уақытты ұрлаушылардың ұрлағанын қайтару еш мүмкін емес». Гете Мұндай уақытты ұрлаушылардан сақтану үшін мына төмендегі бес кеңеске назар аударыңыз:
Егер сіз өз жұмысыңыздың өнімділігін арттырғыңыз келсе, айналаңыздағы адамдар сізді басқалардың уақытын ұрлаушы ретінде санамайды ма, соны сұрап біліңіз. Шынайы жауапты естуге дайын болыңыз. Олар сізге қалай жауап бергеніне қарамастан, өзіңізді ақтамаңыз. Үнсіз тыңдап, алғысыңызды білдіріңіз. Кейін айтылғандарды қорытындылап, өзіңізбен жұмыс істеуге тырысыңыз. жиған-терген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
| |||
|
Всего комментариев: 0 | |