10:35 Уақытыңды басқар | |||
ТЕХНОЛОГИЯНЫ ДҰРЫС ҚОЛДАНУ Технология – уақытпен жарыстан туылған өнім. Аз уақытта көп істі жеңіл түрде атқаруға тырысу. Егер де біз телефонымызға бөлген уақытты құлшылыққа арнсақ, онда бәріміз Алланың сүйікті құлдарына айналған болар едік. Технологияны дұрыс пайдалану адамның адамдығына байланысты. Айталық, жүргізуші мас болса, көліктің қаншалықты мінсіз болғанына қарамастан, апатқа ұшырау ықтималы көп. Сондықтан алдымен адамды түзету керек. Мәселені адамның бойында шешу керек. Ол технологиялардың көмегімен әп-сәтте қалаған мәліметімізді таба аламыз. Бірақ ондай мүмкіндік бар екен деп, оқуды, білім алуды бір жаққа ысырып қоюға болмайды. Олай тез қол жеткізіп, бір көз шалып шыққан мәліметтер білім бола алмайды, тез ұмытылады. Әсіресе, балаларды бұл дерттен құтқару керек. Балалар технологияның құлына айналса не оған тәуелді болса, ата-анасынан алыстап, тіпті бөлініп кетеді. Ал ата-ана да сол технологияға байланып қалатын болса, олар бір-бірінен және балаларынан бөлініп кетеді. Солайша бір отбасы технологияның құрбанына айналады. Осындай қасіреттің алдын алу үшін техноогияларды дұрыс әрі жылдам пайдаланып үйрену қажет болмақ. Тиімді пайдалана білетін болса, технологиялар өте пайдалы әрі адамның уақыт үнемдейтін, жұмысын жылдамдататын бірден-бір көмекші құрал бола алады. Ең бастысы, осынау заманауи құрылғыларды ақылмен қолдануды әдетке айналдырмақ керек. жиған-терген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
| |||
|
Всего комментариев: 0 | |