10:29 Уақытыңды басқар | |||
«ЭЛЕКТРОНДЫҚ ТӘУЕЛДІЛІК» Біз көптеген электронды құрылғылардың бізді ісімізден алаңдата беретін кезеңде өмір сүрудеміз. Егер жағдайды өз қолыңызға алып, өзіңіз басқармасаңыз, күні бойы қарша жауған электронды хабарламалар мен телефон қоңырауларының астында қалу қаупіңіз бар. Электронды поштаның жұмыс тиімділігі мен жетістікке жетуіңізге соншалықты кері әсерін тигізуінің себебі сіз қандай да бір жаңа хабарлама немесе жаңалық оқыған сайын ағзаңыздан қанға домафин атты химиялық құрамы кокаинге ұқсас ынталандырушы ггормон бөлініп отырады. Бұл сізге уақытша рақаттану сезімін сыйлайды және сіз санаңыздың түбінде оның қайталануын қалайтын боласыз. Бұл сезім электрондық пошта, смс, әлеуметтік желілер арқылы хабарламалар, телефон қоңырауларын алған сайын жалғасын тауып отырғандықтан, сізді қайта-қайта хабарлама қарауға немесе өзіңіз хабарлама жіберуге итермелейді және сіз бар күніңізді соған арнайтын боласыз. Осылай жалғаса берсе, жақын арада есірткіге тәуелді адамдай болып, одан бас тарта алмайтын жағдайға жетесіз. Егер сіз таңертең бірден хабарламаларға жауап беріп, дофамин гормонының бір мөлшерін қабылдап ағзаңызды үйретіп алған болсаңыз, күні бойы келетін хабарламаларға бірден жауап беруге деген құштарлыққа қарсы тұра алмайсыз. Күніңізді хабарламаларды тексеріп, хаттарға жауап берумен бастасаңыз, бұл іске күніңізді толықтай қалай арнағаныңызды байқамай да қаласыз. «Ақшаңды босқа жұмсайтын болсаң – сен тек ақшасыз қаласың. Ал уақытыңды босқа шығындайтын болсаң – өміріңнің бір бөлігінен айырыласың». Майкл Лебиф USA Today журналында жарияланған бір мақалада үнемі компьютерден не телефоннан хабарламаларды қарай беру адам миын шаршататындығы жазылған. Нәтижесінде электронды хабарламаларға деген тәуелділік адамның IQ көрсеткішін сағатына 1%-ға төмендетіп отырады. Әрбір сағат өткен сайын адам ақымақ бола бастайды. Сонымен күннің соңында сіз 10% ақылыңызды жоғалтатын боласыз. Күн аяқталғанда адам миының шаршағаны соншалық – әдеттегі шешім қабылдау қабілетінен айырылады. Бара-бара сіздің ақылыңыз төмендей береді. Таңертеңгімен салыстырғанда шынында да сау ақылдан айырыла бастайсыз. Жеңіл тапсырмаларды орындаудың өзі қиынға соға бастайды. Егер сіз аталған жайтқа назар аудармасаңыз, тәуелділікке тап болып, құдды нашақор адамдай жұмысыңыздан алаңдап, басқа іске көңіліңізді бөле беретін боласыз. Бірқатар зерттеулерге қарағанда, орташа есеп бойынша, адам күнделікті электронды құрылғыларын 145 рет тексереді және оған үш жарым сағатын жұмсайды екен. Дәл осы жайт тайм-менеджмент бойынша сарапшы Джулия Морганстернді Don’t check your email in the morning (Күніңізді электрондық поштаңызды тексеруден бастамаңыз) атты кітап жазуға итермелеген. Егер сіз электронды поштаңызды қарауға тым көп уақыт жұмсайтын болсаңыз, ол сіздің мансабыңызға кері әсерін тигізіп, толыққанды жұмыс істеуіңізге мүмкіндік бермейді. Осыдан қазіргі замандағы технологияның дамуымен қатар келген мұндай қасірет тек біздің уақытымызды алып қана қоймай, санамызды улап, ақылымызды кемітіп, миымызды шаршатып жатқанын ескеруіміз қажет. Бар жылдамдығымен алға ұмтылып, дамуға тырысып жатқан ғасырымыздың алдымызға қойған мүмкіндіктерін тек өзімізге пайдалы тұсынан ғана қолдануды үйреніп, жиренетін жерінде кеш болмай тұрып бас тартуға бар күшімізді салуымыз қажет. Болмаса, «батыстың цивилизациясын аламыз деп, канализациясына түсіп кетпейік». жиған-терген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |||
|
Всего комментариев: 0 | |