14:41 Уақытыңды басқар | |||
УАҚЫТЫН ЖОҒАЛТҚАННЫҢ ӨКІНІШІ Өмір – әр адамға тек бір рет қана берілетін өте бағалы әрі шектеулі нығмет. Соған қарамастан, адам баласының ең көп алданып, бос өткізетін нығметі де – осы «уақыт». «Ғасырға серт! Шынында, адам баласы зиян ішінде. Тек иман келтіргендердің, соған сай игілікті істер атқаратындардың, бір-біріне ақиқатты насихаттайтындардың және бірін-бірі сабырға шақыратындардың жөні бөлек». Уақытқа серт етумен басталған бұл сүреде иман ету, ізгі амал жасау, шындық пен сабырды үгіттеумен өткізілмеген уақыт ысырап етілгенмен тең болып, қасіретке себеп болатындығы айтылған. Сонымен бірге, уақыт тұрғысынан алданып жататаын адамдардың көп екенін де осы сүреден аңғаруға болады. Пайғамбар (с.а.с.) бір хадисінде осыны былай түсіндіреді: «Адам баласы туылған күнінен бастап, шашына ақ түсіп, қартайғанға дейін Алланың разылығын табу жолында бетімен жер сүзіп, шапқылап жүрсе де, қиямет күні сол істегенін өте аз көріп, одан да көп істеген болсам ғой дейді». Мүмін адам ұзақ өмір сүріп, ғибадатпен, қайырлы, ізгі амалдармен күн кешіп, соның жолында көп қиындыққа төзсе, ақыреті үшін өте үлкен қазына сауап жинаған болар еді. Бірақ ақыретте ақиқатты көргенде, парыз бен нәпіл ғибадаттарға беріліп жатқан сауаптар мен олар арқылы қолы жететін нығметтерді білгенде қайта оянып, әлгі істеген ғибадаттары мен ізгі амалдарын тым аз көре бастайды. Көбірек істемегені үшін өзін-өзі айыптайды. Бұл жөнінде бір риуаятта былай делінеді: «Сыйы мен сауабын арттыру үшін дүниеге қайтарылуды армандайды». Тағы бір хадисте қиямет күніндегі өкініш төмендегідей баяндалады: «Жаннат халқы басқа нәрсеге емес, тек дүниеде Алланы зікір етпей өткізген сәттеріне ғана қасірет пен өкініш сезінетін болады». Қиямет күні Алланың құзырына жиналған кезде біздің бұл дүниеде өмір бойы өткізген уақыттарымыздың барлығы да ол жақтағы уақытпен салыстырғанда бір күннен аз болатындығын Алла Тағала Құранда былай баяндайды: «Олар: «Бір күн немесе күннің бір бөлігіндей аз ғана уақыт тұрдық. Алайда нақты айта алмаймыз, оны уақыттың есебін білетіндерден сұрасаң болар еді», - деп, жауап береді». Олай болса, бұл дүние тіршілігі бізге еңбектеніп, ақыреттік өмірге азық жинауымыз үшін берілген қысқа ғана мерзімнен тұрады. Әр секундтың қадірін біліп, оны ақыретке әзірлену жолына жұмсаудың жолдарын ойлау керек. Олай болмаған жағдайда уақыт текке кеткен болады. Ал уақыттың босқа шығындалуы – ең үлкен өкінішке душар етер жайттардың бірі. Уақытты қалай болса солай шығындап, өмірін текке өткізгендердің ақыреттегі бейшара халін баяндайтын мына аят қандай ғибратты десеңізші: «Тозақта олардың шыңғырған ащы дауысы шығып: «Уа, Раббымыз! Садағаң кетейік, бізді мына тозақтан шығара гөр (дүниеге қайтаршы)! Бұрын-соңды істеген теріс істерімізден бөлек игілікті істер атқарайық!» - дейді. Сонда оларға: «Сендерге ақылға салып, ойланатын адам емін-еркін ойланып, ғибрат алатындай (һәм өзінің жаратылыс мақсатына қарай әрекет етіп, біраз игілікті істі тындырып тастайтындай) жеткілікті ғұмыр бермедік пе?! Онымен қоймай, сендерге ескертуші ретінше пайғамбар да келген еді. Енді азаптың дәмін татыңдар! Залымдардың медеткері болмайды» - делінеді. Пайғамбар (с.а.с.) бір күні:
Барлық нығметтер секілді уақыт ысырабының да басты себебі өлім атты ақиқатты тиісінше түсіне алмаудан туындайды. Өйткені нәпсінің бойында жаратылысынан бері фәнилікті мойындамау қасиеті бар. Сол себепті адам баласы өзін қашан да өлімнен алыс көреді. Алайда әрбір жан иесі үшін белгіленген ақтық дем бар. Мұны жою және дүние өмірін белгілі бір уақыт жалғастыру мүмкін емес. Уақыт Алланың заңы бойынша белгіленген арна бойынша аға береді. Дүние өмірінде барлық нәрсені сатып алуға азды-көпті мүмкіндік бар, бірақ өткен уақытты ешқашан... Ең маңызды уақытымыз болған ақтық демімімзді беретін сәтте иман мен кәлимә-шәһәдәтпен Жаратушымыздың құзырына шыға алу үшін өміріміз бен уақытымызды ысырап етпей, тиімді пайдалану бей-жай қарамауымыз қажет ең маңызды міндеттеріміздің бірі екенін естен шығармаған жөн. Алланың құзырында өкінбейтіндей етіп бос уақыттарымызды игілікпен толтыруды мақсат тұтуымыз қажет. жиған-терген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
| |||
|
Всего комментариев: 0 | |